Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі азаматтардың өмірінің барлық саласын қамтиды. Соның ішінде қорғаныс саласындағы қызметтер – ерекше маңызға ие бағыттардың бірі. Әскерге шақырту науқаны кезінде көптеген азаматтар өз құқықтары мен мүмкіндіктері жөнінде толық ақпаратқа ие бола бермейді. Осыған байланысты, жергілікті әскери басқару органдарының халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы мәлімет беру қоғам үшін өзекті болып табылады.
Қазіргі таңда, ҚР Қорғаныс министірлігінің ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі департаментінің жергілікті әскери басқару органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 90 %-ы электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қатарына кірді.
Жергілікті әскери басқару органдарының көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі «Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді кезекке қою» денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндетті және 24 жастан - 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған әскерге шақырылушыларға көрсетіледі.
Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау бойынша көрсетілетін қызметтің құны – 390 000 теңгені құрайды.
Оқу кезеңіне кіретін демалыс және мереке күні санын ескеріп, күнтізбелік
40 күннен 46 күнге дейін белгіленеді.
Көрсетілетін қызмет алушы «электрондық үкімет» веб-порт алы арқылы өтінішке ҚР ҚМ 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрықтың №3-қосымшаға сәйкес медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесін тіркей отырып жүгінеді.
Жергілікті әскери басқару органы түскен өтінішті қарау барысында қызмет алушының әскери есеп туралы мәліметін, жарамдылық санатын
және жасын тексере отырып мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін кезекке қою туралы хабарлама қызмет алушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарлама түседі.
Кезекті оқыту күні басталғанға дейін 12 жұмыс күн бұрын қызмет алушыға ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне және «электрондық үкімет» порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқу үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы хабарлама келіп түседі.
Қызмет алушы хабарлама алғаннан кейін «электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетінде келген сілтеме арқылы кіріп, екінші денгейдегі банктер арқылы оқудың төлем ақысын үйден шықпай 2 жұмыс күні ішінде төлем жасай алады.
Қызмет алушының оқуға ақы төленгені расталғанда, қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу туралы хабарлама келіп түседі. Хабарламада оқу орнына келу уақыты, қай мекен-жайда орналасқан және өзіңізбен бірге жеке заттар, гигиена құралдары болуға тиіс екендігі көрсетіледі.
Оқу кезеңінде әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер далалық киім-кешекпен (маусым бойынша) қамтамасыз етіледі, үш мезгіл тамақтану және монша-кір жуу қызметі көрсетіліп, тәулік бойы әскери казармада тұрады, ол әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау құнына кіреді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде қатардағы жауынгер
мен сержант құрамының әскери билеті және оқу бітіргені туралы сертификат беріледі.
Электрондық форматта қызмет алу мүмкіндігі кезек күтуді
және қағазбастылықты азайтып, ашықтықты және рәсімдердің айқындығын қамтамасыз етеді.
Аталмыш мемлекеттік қызмет жастардың оқуын жалғастыруына, отбасылық жағдайын реттеуіне немесе денсаулығын қалпына келтіруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар цифрлық форматта көрсетілуі арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырады.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіз мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, негізсіз
бас тарту немесе тағы басқа заң бұзушылықтарға жол берілгеніне куә болсаңыз, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментке келесі мекенжай бойынша жүгіну арқылы бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіре аласыз.
Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39.
Байланыс телефондары: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша
департаментінің мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
басқармасының бас маманы
Мухадас Нурбол Каусарулы