Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты 2025 жылғы 18 тамыз бен 30 тамыз аралығында «Таза Қазақстан» акциясы аясында азаматтық жауапкершілікті, белсенді өмірлік ұстанымды арттыру және тұрғындарды қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Үздік аула» байқауларын өткізеді.
Бұл байқау аумақты абаттандыру, көгалдандыру және тиісті жағдайда ұстау бастамаларын қолдауға бағытталған.
Байқауға барлық тұрғындар, сондай-ақ, қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатыса алады.
Қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 25 тамызына дейін қабылданады.
Байқаудың ережесімен Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.
«Үздік аула» байқауы туралы ақпаратты сайтта орналастыру барысында техникалық ақаулар орын алып, көрсетілген электрондық пошта мекенжайы өтінімдерді қабылдау үшін қолжетімсіз болып қалғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты өтінімдерді қабылдау мерзімі 3 күнге ұзартылды.
Өтінімдеріңізді келесі электрондық пошта мекенжайына жіберулеріңізді сұраймыз: kazybekbi@akimat09.kz
Бұған қоса, бұрынғы мекенжайға өтінімдерін жіберген қатысушылардан оларды жаңа мекенжайға қайта жіберулерін өтінеміз.
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.