АХАТ саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен мерзімдерін арттыру бойынша семинар

Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен мерзімдерін арттыру мақсатында 2019 жылдың 1-тоқсанында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, неке-отбасы заңнамасының нормалары және азаматтық хал актілерін тіркеуге қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді. Есепті кезеңде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қарағанды қаласындағы №1, №2 және №3 бөлімдерінде **3 оқыту семинар-тренингі** өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызмет алушыларға өздерін қызықтырған мәселелер бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы баламалы негізде қызметтерді алу, онлайн қызмет арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алу және басқа да мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.
Дата публикации
28 апреля 2021