Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні сағ.14:00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөсіпірімдер шығармашылық орталығында «Тиімді көмек» атты акциясы аясында облыс прокуратурасының, облыс әкімдігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің, Қарағанды облысының Полиция департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының, Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатарынан жұмыс тобымен халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында қала тұрғындарымен кездесу өткізеді.