Лого

Меню

Страницы

Статья

Білім

Жаңа 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа барлығы 213 бала қабылданды. 1 сыныпқа қабылдану үшін құжаттар электронды түрде e.bilimal.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылды.

Қыркүйектен бастап мектептерде 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасының балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Балалар мен жасөспірімдерді сабақтан тыс уақытта үйірмелер мен спорттық секциялардың  барлық түрлерімен қамту 1215-тен астам оқушыны құрайды, бұл 5-тен 17 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 63,1% - ын құрайды. Балалар бағыттар бойынша үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында барлық үйірмелері мен секциялары тегін жүргізіледі.  

         Жалпы білім беретін мектептерде материалдық-техникалық базасын арттыруға  жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Мектептер физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен жабдықталған.             №1 орта мектепке 2021 жылы STEM және физика кабинеті, №2 мектепке биология кабинеті сатып алынды. 2022 жылы №2 мектепке физика кабинеті сатып алу жоспарлануда.

         Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық білім беру ұйымдарында барлығы 205 бейнебақылаулар орнатылды. Ғимараттың сыртқы жағына  155  және ішкі жағына 50 бейнебақылау орналастырылған. Ағымдағы жылдың   1 қыркүйегіне дейін бейнебақылауларды орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

         Қала мектептері ауызсу көзі орталықтандырылған сумен және ішкі дәретханалармен қамтылған. Мектеп дәретханалары санитарлық талапқа сәйкес кабиналарға бөлінген, қол жууға арналған орындармен жабдықталған.

Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептеріндегі ерекше білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында Балқаш қаласындағы №4 психологиялық-педагогикалық-медициналық кеңеспен тығыз байланыста жұмыс жасайды. «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ-нің  шақыртуымен жылына 2 рет ПМПК-тің  арнайы мамандары балаларды тексереді. Нәтижесі бойынша мамандар өз ұсыныстарын береді. 2022 жылдың сәуір айында 42 бала тексеруден өтті. 1 балаға педагог-ассистенттің қолдауы ұсынылды. Жаңа 2022-2023 оқу жылына педагог-ассистент 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін тағайындалады.

Инклюзивті оқыту бойынша іс-шаралар жоспары қолға алынып, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Қаладағы 2 мектепте де Монтессори кабинеті жұмыс істейді. Монтессори кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Мектептерде  43 инклюзивті сынып бар. Инклюзивті сыныпта оқитын оқушылар  саны -58, үйден оқитын оқушылар саны- 5.

Мектептерде  73 мұғалім «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру» ортасының мазмұны тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілік арттыру курстардан өтті, қазіргі таңда  112 мұғалім сабақ беруде.

«Ерекше білім алуды қажет ететін» оқушылар арнайы бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіледі.  Оның ішінде  «Психикалық даму тежелуі бар» (ЗПР)  4 оқушы  «Психомоторикасы мен сенсорлық процестерін дамыту»  бағдарламасы  бойынша, сөйлеу тілінің даму кемшіліктері  бар  8 оқушымен  «Оқу және тіл дамыту»  түзету-дамыту бағдарламасымен    жұмыстар жүргізіледі. Арнайы мамандар жоғарыда аталған балалармен жұмыс жүргізеді.

Жыл сайын білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2022 жылы №1 мектептің спортзалына және "Балбөбек" бөбекжайының ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 августа 2022
Дата обновления
11 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы