
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскелері
2022 жылғы 19 шілде сайтта gosreestr.kz жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша электрондық түрде сауда-саттыққа 17 жер учаскесі шығарылды, оның қорытындысы бойынша 1 коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі және 2 гараж құрылысын салу үшін жер учаскелері 412 655 мың теңгеге сатылды.
Түгендеу барысында игерілмеген барлығы 64 жер учаскесі анықталды оның ішінде:
33 – игерілмеген, құрылыс жүргізілмеген, 15 – игеруді бастаған, құрылыстары тоқтап тұрғандар, 10 - игеруді бастаған брақ қоршауы жоқ, 2- үй бар бірақ бос тұрғандар, 4- қоршауы бар құрылыс бастамаған.
Барлығы 43 ескерту таратылды 23 ескерту қолама қол таратылды, 20 ескерту тұрғылықты жеріне почта арқылы жолданды.
Приозерск қаласының полиция бөліміне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес құрылыс қоқысы бар жеке тұрғын үй құрылысы үшін 13 жер учаскесінің иелеріне қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны және қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікке тарту туралы хаттар жолданды.
Бүгінгі күні қоқыстанған учаскелердің аумағын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Коммерциялық мақсаттағы жерлер:
Коммерциялық және де басқа мақсаттағы 34 игерілмеген жерлер анықталды, олар:
9 - игерілмеген құрылыс; 2 - рекультивация жүргізу жұмыстарын бастаған; 11 - ғимараттар бар бірақ бос тұрғандар; 7 - құрылыстары тоқтап тұрғандар; 2- құрылыстары бұзылған жер учаскесінде құрылыс қалдықтар бар; 2 - мемлекетке қайтарылғаны; 1- аукцион арқылы алған.
16 объекті иелеріне қолма қол ескеру берілді және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 16 почта арқылы жіберілді.
Приозерск қаласының полиция бөліміне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны және қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіргені үшін коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерінің және коммерциялық мақсаттағы ғимараттардың 14 иесін жауапкершілікке тарту туралы хаттар жолданды.
Бүгінгі таңда 7 нысанның иелері аумақты тазарту және эстетикалық көріністі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан басқа, Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне 2 жер учаскесі бойынша материалдар жолданды, олар ұзақ уақыт бойы мақсатты түрде пайдаланылмай келеді.
Панфилов көшесі, гараж аймағын түгендеу бойынша:
Бүгінгі күні Панфилов көшесіндегі гараждарға түгендеу жүргізу және жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды беру туралы 340 хабарлама хаттары ілінген.
Сонымен қатар, хабарламада заңсыз салынған нысан бөлшектеу арқылы толығымен немесе ішінара бұзылатыны көрсетілген.
Сондай-ақ Панфилов көшесіндегі гараждардың иелерімен ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Панфилов көшесіндегі гараж массивінің 1 және 2,3 қатарындағы жер телімдеріне толық түгендеу жүргізілді. Приозерск қаласының полиция бөліміне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны және қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіргені үшін 12 гараждың иелерін жауапкершілікке тарту туралы хаттар жолданды.
******
2022 жылғы 3 маусымда сайтта gosreestr.kz жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша электрондық түрде сауда-саттыққа 9 жер учаскесі шығарылды, оның қорытындысы бойынша 2 коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі және 1 гараж құрылысын салу үшін жер учаскелері 597,559 мың теңгеге сатылды.
*****
Приозерск қаласы бойынша салынып жатқан объектілердің барлығы - 15 нысан, оның ішінде 2022 жылдың II – тоқсанында 2-нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған, 4 - объектінің құрылыс жұмыстары жалғасуда, ал 9 – объектіде құрылыс жұмыстары тоқтатылған.
2022 жылдың II – тоқсанынның қорытындысы бойынша 2 нысан пайдалануға берілді. Олар Приозерск қаласының, Кисунько көшесі 3/2 мекенжайындағы Дәріхананы қайта құру және екінші қабат құрылысы, тағы екінші нысан Приозерск қаласының, 005 орамы 2 мекенжайында орналасқан Приозерск байыту фабрикасының қолданыстағы қалдық қоймасының бөгетін ұлғайту нысандары пайдалануға қабылданды.
******
2022 жылдың соңына дейін 18 әлеуметтік нысандарды бейімдеу және 4 нысанды паспорттау жоспарлануда.
******
Бөліммен 285 жер учаскесін жалға алу, 17 жер учаскесін сатып алу-сату, 10 жер учаскесінің жалға алу құқығын сату-сатып алу келісім шарттары жасалды.
Бүгінгі таңда жер учаскелерін пайдалану бойынша қалалық бюджетке 4 133 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 4 133 мың теңге, немесе 100 % орындалды.
Жер учаскесін сатып алу-сатудан 3 015,2 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 2 939 мың теңге, немесе 102,6 % орындалды.
Жер учаскесінің жалға алу құқығын сату-сатып алудан 1 150 мың теңге түсті, жоспар бойынша – 1 150 мың теңге, немесе 100 % орындалды.
******
Жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын игерілмеген жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
Коммерциялық мақсаттағы 5 жер учаскесі және тұрғын үй құрылысына 25 жер учаскесі анықталды.
Жер учаскелерінің иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны және қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікке тарту туралы хат жолданды.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқаны үшін 2 жер учаскесі бойынша материалдар шара қолдану үшін жолданды.
Коммерциялық мақсаттағы 2 учаске және гараждарға арналған 3 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
******
Тәуелсіздік көшесіндегі жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін дайын алаңнан 8 өтініш түсті, жер учаскесін беру туралы 8 қаулы қабылданды. Жер учаскесінен ерікті түрде бас тарту туралы өтініш бойынша 3 учаске қайтарылды. Қалған 20 жер учаскесі бойынша кезекке сәйкес берілуде.