Құрылыс бөлімінің 2025 жылға атқарған жұмыстары туралы есебі
- Құрылыс бөлімі мен жалпы қаланың негізгі нысаны – Приозерск қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы болып табылады. Жоба спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Нысанның қуаттылығы – тәулігіне 519 адам. Орын саны – 210. Жалпы ауданы – 2 441 ш.м. Жобаның іске асыру мерзімі – 2024 жылдың желтоқсан айы. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны – 874 872 мың теңге. Нысан белгіленген мерзімде аяқталмауына байланысты, мердігер – «Астана Көктем С» ЖШС мекемесін адал емес жеткізуші деп тану жөнінде Қарағанды экономикалық сотына талап арыз жолданды. Ағымдағы жылы мердігер қосымша қаржы бөлінбестен жұмысты жалғастырды. Осыған орай шарт біздің және бас мердігердің арасында ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартылды.
Қазіргі уақытта құрылыс толық аяқталып, нысанды әділет органдарында тіркеу жұмыстары жүргізілуде.
- 2023 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 500 орындық мәдениет үйіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы басталды. Құрылыстың жалпы құны – 132,6 млн теңге. 2023 жылы облыстық бюджеттен ИКИ құрылысына 50,0 млн теңге бөлініп, толық игерілді. 2024 жылы бұл нысанға облыстық бюджеттен 82,6 млн теңге бөлінді. Жобаның іске асу мерзімі – 2024 жылдың желтоқсан айы. Алайда 2024 жылы құрылыс қайта басталмады, бөлінген қаражат облыстық бюджетке қайтарылды және «LifeStroiInvest» ЖШС мердігерін адал емес жеткізуші деп тану және шарт бойынша төленген авансты қайтару туралы Қарағанды облысы экономикалық сотына талап арыз жолданды.
- Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында 2025 жылы Балқаш көшесі, 12 мекенжайынан 20 пәтер сатып алынды. Бұл пәтерлердің жалпы құны – 372,0 млн теңге. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен – 313,5 млн теңге және қалалық бюджеттен – 58,5 млн теңге бөлінді.
- 2024 жылы әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Купол» ЖШС жобалау ұйымы Балқаш көшесінде 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жұмыс жобасын әзірлеп, ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алды. Жобалау жұмыстарының құны – 12,4 млн теңге. 2025 жылы аталған нысанның құрылысына бюджеттен қаржыландыруға өтінім берілді, алайда өтінім қабылданбады.
- Қаланың тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы Байтерек көшесі бойынша кәріз инженерлік желілерінің құрылысына – 85,7 млн теңгеге және Байтерек көшесі бойынша көше жарығын орнатуға – 17,3 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу шарттары жасалды. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар жалғасуда.
- Сондай-ақ ағымдағы жылы «Казтехнология» ЖШС жобалау ұйымымен қаланың жылу және кәріз инженерлік желілерін реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты жасалды. Жобаның құны – 90,0 млн теңге. Қазіргі уақытта жоба дайындалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Сараптама қорытындысынан кейін және қаржыландыру мәселесі шешілген соң, 2026 жылы аталған жоба бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
- 2025 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 1 376 ш.м құрап, жоспардың (1 200 ш.м) 163,4%-ын орындады.
- 2026 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тұрғын үй сатып алу жұмыстары жалғастырылады. Осы мақсатта қазіргі уақытта Транспортная көшесі, 3 мекенжайындағы бұрынғы қонақүй ғимаратын 24 пәтерлі тұрғын үйге реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.