
Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Негізгі капиталға инвестициялар:
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айында 3 559,4 млн теңгені құрады (2024 жылы –15 251,1 млн теңге). НКИ – 22,1 %.
Өнеркәсіп
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айында 28 066,8 млн теңгені құрады (2024 жылы – 21 567,5 млн теңге).НКИ – 117,3 %.
Сауда
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айында бөлшек сауда көлемі 2 556,8 млн теңгені, НКИ – 100,0 % ( 2024 ж. – 2 306,7 млн. теңге) құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін шығару көлемі 219,8 млн. теңге (2024 жылғы қаңтар-қыркүйек – 224,7 млн.теңге). НКИ – 90,9 %.
Туризм
Туризм саласында 2025 жылдың 2 тоқсаны бойынша 740 адамға қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда ( 704 адам) 5,1 % - ға өсті . Көрсетілген қызметтер көлемі 30,8 % - ға төмендеді, 44,7 млн.теңге (2024 жыл – 64,6 млн. тг.) құрады.
Әлеуметтік азық түліктік және азық түліктік емес тауарларға бағалары туралы ақпарат
2025 жылдың қыркүйек айындағы статистиқалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 15 түріне бағаның 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда орташа алғанда 1,8 %-дан 38,8 %-ға қымбаттауы байқалды.
|
№ |
Тауардың аты |
Желтоқсан 2024 жыл |
Қыркүйек 2025 жыл |
Желтоқсан 2024 ж. қыркүйек 2025 ж. салыстырғанда % |
|
1 |
Картоп |
246 |
318 |
129,3 % |
|
2 |
Қырыққабат |
216 |
294 |
136,1 % |
|
3 |
Сиыр еті |
3098 |
4399 |
142,0 % |
|
4 |
1 сортты бидай ұны |
292 |
334 |
114,4 % |
|
5 |
Макарон |
495 |
504 |
101,8 % |
|
6 |
Пастерленген сүт 2,5 % майлылығы |
567 |
663 |
116,9 % |
|
7 |
Сәбіз |
234 |
282 |
120,5 % |
|
8 |
Қант |
453 |
499 |
110,2 % |
|
9 |
Күнбағыс майы |
899 |
1028 |
114,3 % |
|
10 |
Басты пияз |
193 |
262 |
135,8 % |
|
11 |
Тұз, экстрадан басқа |
112 |
119 |
106,2 % |
|
12 |
Тұздалмаған сары май |
5871 |
6406 |
109,1 % |
|
13 |
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан |
362 |
400 |
110,5 % |
|
14 |
Қарақұмық жармасы |
303 |
352 |
116,2 % |
|
15 |
Майлылығы 5-9% сүзбе |
2014 |
2065 |
102,5 % |
Азық-түлік бағасының өсуі көтерме жеткізушілердің бағасының өсуіне және маусымдыққа байланысты.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 3 түріне бағаның 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,2 %- дан 9,9 % - ға төмендеуі байқалды.
|
№ |
Тауардың аты |
Желтоқсан 2024 жыл |
Қыркүйек 2025 жыл |
Желтоқсан 2024 ж. қыркүйек 2025 ж. салыстырғанда % |
|
1 |
Жұмыртқа, 1 дәрежелі |
656 |
648 |
98,8 % |
|
2 |
Жылтыратылған күріш |
620 |
576 |
92,9 % |
|
3 |
Тауық еті |
1623 |
1462 |
90,1 % |
Азық-түлік бағасын тежеу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілуде:
Апта сайын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында кәсіпкерлерге азық-түлік тауарларының негізсіз бағасына жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Cонымен қатар, 2025 жылы мониторинг барысында қаланың 28 дүкенінде азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуі анықталды. Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан, Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне дүкендерге талдау жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қолдану бойынша хат жолданды.
Тексеріс жұмыстары аясында 3 дүкенде ӘМАТ бағаларының негізсіз өсуі байқалып айыппұл салынды.
Қала аумағында орналасқан дүкендермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесі туралы 42 меморандум жасалынды.
2025 жылға тасымалдау шығындарын және қалада сатылған өнімнің түпкілікті бағасын төмендету мақсатында жеке кәсіпкер «Айбол» тасымалдауға келісім шарт жасалды.
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан наурыз айында ӘКК «Сарыарқа» арқылы 7 тонна «Картоп», 36 000 дана жұмыртқа және 700 л «күнбағыс майы», 1 тонна қант жеткізілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 15 наурыздан бастап әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі(37 жәрмеңке) ұйымдастырылуда.