Лого

Меню

Страницы

Статья

Жастар ресурстық орталығының 2025 жылғы 5 айда атқарған жұмысы туралы ақпарат

Жастар ресурстық орталығының 2025 жылғы 5 айда атқарған жұмысы туралы ақпарат

 

 

        Приозерск қаласы бойынша 14-35 жас аралығындағы жастардың саны  3 159 (үш мың бір жүз елу тоғыз) адамды құрайды. Оның ішінде:

 

 Анықтама:

 Ерлер саны – 1524 (мың бес жүз жиырма төрт)

 Әйелдер саны – 1635(мың алты жүз отыз бес)          

 

 

 Жастар ресурстық орталығын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 104 млн. 181 мың теңге (жүз төрт миллион, жүз сексен бір мың теңге) қаржы бөлінді. Оның ішінде:

 

  Анықтама:

-   мемлекеттік әлеуметтік сатып алу – 33 млн. (отыз үш миллион теңге); 

-  іс-шараларға бөлінген қаражат – 17 млн. (он жеті миллион теңге);

-  негізгі құралдарды сатып алуға және орталықтың басқа шығындарына  21 млн. 637 мың (жиырма бір миллион алты жүз отыз жеті теңге) қаражат бөлінді.

 

Жастар ресурстық орталығы материалдық базамен толық қамтамасыз етілген. Штат бойынша 10 адам (10 бірлік), штат толықтай қамтылған. Жастар ресурстық орталығында «Coworking Zone» «Караоке» «Кинотеатр» «Конференция залы» «Настольный теннис» орталықтары және орталық барлық қажетті заттармен  жабдықталған.

 

       Қалада "Жастар Рухы" жастар қанатының филиалы жұмыс істейді, құрамына 160 (жүз алпыс) жас тіркелген. «Жас зеңбірекші» және «Сағадат» әскери-патриоттық клубтары бар. Сонымен қатар, қыркүйек айынан бері «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы құрылды.

 

       Жастарды жұмыспен қамту бойынша, жыл басынан бері 165 адам өтінім берді. Оның ішінде 101 адам жұмысқа орналасты:

        - Тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 67 адам;

- Жастар практикасы – 12 адам;

- Қоғамдық жұмысқа – 13 адам;

- Алғашқы жұмыс орнына – 2 адам;

- Әлеуметтік жұмыс орнына – 7 адам;

- Ұрпақтар келісімшартына – 0 адам.

 Ал, "Жасыл ел" еңбек жасағында 100 адам жұмыспен қамтылды.

 

Приозерск қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында биыл жаз мезгілінде 100 жас жұмысқа орналастырылды.  01 мамырдан бастап 100 адам қабылданып, 18 млн теңге (он сегіз миллион теңге) бөлінді.

 

Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында  2025 жылғы қала әкімінің грантына 35 адам өтінім берді.

 

       Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында 2025 жылдың 5 айында түрлі бағыттар бойынша 80 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, 2025 жылдың 17 қаңтарында «Жұмысшы мамандықтар» жыл аясында жоғарғы сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдарлау іс-шара өткізілді. 2025 жылы жоба аясында, Ауғанстан күніне орай , Ауған соғысының ардагері  Калиев Мадимен кездесу , «Батырларға тағзым» ,«Ауғанстан мәңгі есте»  атты дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ жастар арасында әскери - патриоттық жұмысты жетілдіру, қалада әскери-патриоттық клубтық қозғалысты дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін арттыру және әскери қызметті насихаттау бойынша іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда Жас зеңбірекші" және "Сағадат" әскери-патриоттық клубтарының мүшелерімен кездесулер өткізілді. 14 – 23 наурыз аралығында Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «көрісу күні», «қайырымдылық күні», «шаңырақ күні», «ұлттық киім күні», «мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күні» атты челленждер өткізді. 2025 жылдың сәуір айында Приозерск қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен маңызды іс-шара өткізілді. Арнайы шақыртумен келген Жұмат Бауыржан Киікбайұлы – Ұлттық волонтерлік фронт-офисінің аймақтармен кері байланыс жөніндегі координаты – қаламыздың ерікті-белсенділеріне арналған тағылымды семинар-тренинг өткізді. 2025 жылдың 1 мамыр күні қазақ халықаралық бірлік күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай волейбол турнирі», «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған спорттық самбодан ашық турнир» «Жігіт сұлтаны» және жастар арасында патриоттық рухты нығайту мақсатында эстафеталық жарыс және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілді. Жастардың өзін-өзі тәрбиелеуін арттыру мақсатында Приозерск қаласының Жастар ресурстық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес , "English for Jastar" жобасы, "Мобилография курсы"  ұйымдастырылады. 

        Жастардың  бос уақытын ұтымды пайдалану және қала жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту мақсатында «Салауатты жас -Тәуелсіздік тірегі» жобасы  ұйымдастырылды.

 

       Орталықта "ASAR" жастар еріктілер корпусында 40 жасөспірім тіркелген. Олар экологиялық және қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады және 25 ке жуық акция өткізді. Олар "Қар вахтасы", "Ардағым - Ардагерім", "Бауырсақ пати"  ,"Шын жүректен", «Жасыл аймақ», «Таза Қазақстан» т.б.  көптеген акциялар өткізді.

 

       Қалада NEET санатына 95  адам тіркелген, бұл жастардың жалпы санының 3,5% құрайды. Әр ай сайын осы санаттағы жастармен жеке атаулы жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ оларды қайта оқыту, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

       Кәмелетке толмағандар арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу және нашақорлықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар, түсіндірме жұмыстары кездесулер өткізілуде.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту мақсатында арнайы шақыртылған Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы (Нұрлан имам) 250 - ден астам адамды қамтитын кездесу мен тікелей эфир өткізді.

                                                                               

       Орталықтың барлық іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Жастар орталығының әлеуметтік желілерде үш парағы бар. Жылдың басынан бастап орталықтың әлеуметтік желілерінде 300-ден астам материалдар желіге салынып отырады. Жазылушылардың жалпы саны 10 000 -нан асады.

 

      Жастар – еліміздің болашағы, мемлекеттің ертеңі – қазіргі жастардың қолында. Сондықтан біз жастардың білім алуына, кәсіби тұрғыдан дамуына, ел өміріне белсенді араласуына жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет.

Жоспар аясында келесі бағыттар бойынша түрлі іс-шаралар өткізу көзделуде. Жастарға патриоттық тәрбие беру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мен демалысын әртүрлі форматта ұйымдастыру, шығармашыл, дарынды және талантты жастарды қолдау мен ынталандыру, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында алдын алу шараларын жүзеге асыру, қайырымдылық және еріктілік бастамаларды дамыту.

Сонымен қатар, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың әлеуметтік жобаларға қатысуын қамтамасыз ету, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағытында да жұмыстар жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   

Дата публикации
07 августа 2025
Дата обновления
07 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы