
Приозерск қаласы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру мақсатында ағымдағы жылы келесі жұмыстар атқарылып жатыр:
1. Балқаш көшесінде 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалау- сметалық құжаттамасы дайындалып, аталған жобаның құрылысына бюджеттік өтінім жолданды. Құрылыс бағасы – 1 081 716,363 мың теңге. Бірақ құрылысқа қаражат бөлінбеді.
2. Приозерск қаласындағы Байтерек көшесінде сыртқы жарықтандыру құрылысының жобалау – сметалық құжаттары дайындалып, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны - 17 666,3 мың теңге. Казіргі уақытта жергілікті бюджеттен 17 000 мың теңге бөлінді.
3. Приозерск қаласындағы Байтерек көшесінде кәріз желілерінің құрылысына жобалау – сметалық құжаттары дайындалып, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурс жарияланды. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны - 81 593,012 мың теңге. Казіргі уақытта жергілікті бюджеттен 5 000 мың теңге бөлінді.
4. Приозерс қаласының сыртқы инженерлік желілерін қайта қалыптастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалау – сметалық құжаттар дайындалып, қазіргі уақытта жоба сараптамаға жолданды. Жобаны әзірлеу құны - 91 057, 5 мың теңге. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен 20 000 мың теңге бөлінді.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге 2025 жылға жергілікті бюджеттен барлығы 42 000 мың теңге бөлінді.
Приозерск қаласының
құрылыс бөлімінің басшысы