
Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімінің
2025 жылдың 6 айы бойынша орындалу туралы есеп
Экономика және қаржы бөлімі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын мониторинг жүргізеді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары тоқсан сайын әкімдік отырыстарында қаралып, алдағы жоспарлы кезеңге тиісті тапсырмалар беріледі.
Мәселен, 2025 жылдың 6 айына өнеркәсіп өнімінің көлемі 18 894,5 млн. теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 156 % (12 113,3 млн. теңге). НКИ – 139,7 %.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 1 502,1 млн.теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9 % (7 530,0 млн. теңге). НКИ – 19,1 %.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 862 бірлікті немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (816 бірлік) 105,6 % құрады.
887 ш.м тұрғын үй немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне (1 395 ш.м.) 63,6 %.
Әлеуметтік салада жұмыссыздар саны 296 адамды немесе 2024 жылға қарай 103,9 %-ды құрады (285 адам).
Жұмыспен қамту шараларымен 325 адам немесе 71,9 % қамтамасыз етілді (452 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 125 адам немесе 2024 жылдың маусымына (98 адам) 127,6 % қатысты.
18 адам қысқа мерзімді курстарға (қайта даярлау) жіберілді немесе жылдық жоспардың 138,5 %-ын құрады.
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 88 адамды (18 отбасы) немесе 46,1 % (2024 ж. қаңтар-маусым – 191 адам (42 отбасы)) құрады.
Тіркелген қылмыстар саны – 21 жағдай (2024 ж. қаңтар-маусым – 27 жағдай).
Қаланың ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады, ол 2024 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемінде 94,6 млн.теңгені немесе 2024 жылдың 6 айына 103,3%-ды құрады (91,6 млн. теңге). НКИ – 98,8%.
Қала әкімдігі жанындағы инфляциялық үдерістерді тежеу жөніндегі Штабтың отырыстарында салалық бөлімдердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес тауарлары, ақылы қызметтер, жанар-жағармай материалдары, көлік қызметтері, байланыс қызметтері мен коммуналдық қызметтер бағасының өсуін тежеу бойынша жұмысы қарастырылады.
Азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мақсатында 42 кәсіпкермен меморандум жасалды.
Сондай-ақ, жеміс-жидек пен көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылдың 15 наурызынан бастап апта сайын сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп келеді (16 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді).
2025 жылға арналған Приозерск қаласының бюджеті Приозерск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 24/180 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімімен бекітілді. 01.07.2025 ж. 2 бюджеттік нақтылау және 5 түзету жүргізілді, нәтижесінде негізгі басымдықтарды сақтай отырып, бюджет параметрлері қайта қаралды.
2025 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігі нақтыланған бюджет 1 682 113,0 мың теңге жоспарда 1 867 834,3 мың теңге сомасында немесе 111 %-ға орындалды.
Кірістердің негізгі көрсеткіштері трансферттер есебінен 61% (1 136 582 мың теңге) және қаланың меншікті кірістері 39 % (731 252,3 мың теңге) есебінен қамтамасыз етілді.
Бюджет кірістерінің (үш санат бойынша) өзіндік кірістер бойынша атқарылуы 731 252,3 мың теңге жоспарға 494 983 мың теңгені немесе жоспардың 148%-ын құрады, оның ішінде:
2025 жылы бюджет шығыстарын 68 бюджеттік бағдарлама бойынша 12 қала әкімшісі атқарды. Қала бюджетінің шығыстары 97,5 %-ға немесе 1 631 822,2 мың теңге нақтыланған жоспар 1 673 709,0 мың теңгеге орындалды.
Экономика және қаржы бөлімінің ұжымы қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысты. Осылайша, көктемгі екі айлықта сенбі және бейсенбі күндері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Балқаш, Пушкин, Абай, Достық, Космонавтов көшелері, «қалалық жағажай» жағажай аймағы, «золотой пляж» және «Тюльпан» жағалауы, гарнизондық офицерлер үйінің жасыл аймағын жинап, қаланы санитарлық тазалауға барлық ұжым болып қатысты. Көктемде Балқаш көшесіндегі әкімшілік ғимараттағы мемлекеттік мекемелер көктемде көшет егу жұмыстарына қатысты.
Бөлім қызметкерлері түрлі мәдени іс-шараларға белсенді қатысты:
- «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай ұйымдастырылған фестивальге белсене қатысты;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттық шарада ұжым хор шырқады.
- 6 мамыр күні Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 80 жылдығына орай бөлім қызметкерлері қала тұрғындарына ізгі тілектері жазылған жеңіс ленталарын таратты.
Бөлім қызметкерлері қаланың спорттық өмірінен де тыс қалмайды.
Бөлімнің жұмысы Мемлекет басшысының Жолдауында, ұлттық жобаларда, жоғары тұрған ел, облыс, қала басшылығының тапсырмаларында мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған.
«Приозерск қаласының экономика
және қаржы» мемлекет