Лого

Меню

Страницы

Статья

«2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмысы туралы есеп»

  1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру
    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу мақсатында арнайы есепте 1113 азамат тіркелген. 2025 жылы кезекте тұрған азаматтарға Тәуелсіздік көшесі бойынан жеке тұрғын үй құрылысына арналған дайындалған аумақтан 2 жер учаскесі берілді.
  2. Жер учаскелерін сату бойынша өткізілген аукциондар
    Жыл басында жер учаскелерін сату бойынша 2 аукцион өткізілді. Нәтижесінде 3 жер учаскесі сатылды: 2-уі коммерциялық мақсатқа, 1-уі гараж орналастыру үшін. Түскен жалпы сома — 44 млн 484 мың теңге.
    2025 жылдың соңына дейін www.gosreestr.kz сайтында коммерциялық мақсаттағы 3 жер учаскесі бойынша электрондық аукциондар өткізу жоспарлануда. Қайтарылған және бос жер учаскелері де аталған электрондық сауда алаңында аукционға қойылатын болады.
  3. Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және қайтару
    3 жылдан астам уақыт пайдаланылмай жатқан 17 жер учаскесі анықталды. Бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан 8 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қалған 9 жер учаскесі бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Олардың ішінде: 4 жер пайдаланушыға құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді; 5 жер пайдаланушы бойынша тексеру жүргізілуде.
  4. Құрылыс жұмыстарының барысы
    Приозерск қаласы бойынша салынып жатқан объектілердің барлығы – 20 нысан. Оның ішінде 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған (1 нысан іске қосылды), 5 объектіде құрылыс жұмыстары жалғасуда, 12 объектіде құрылыс жұмыстары тоқтатылған.
  5. Сыртқы (визуалды) жарнама нысандары
    2025 жылдың 01 шілдесіне қала бойынша орналастырған 8 жарнама нысаны орнатуға рұқсаты рәсімделген. Сонымен қатар Приозерск қаласының мемлекеттік кіріс басқармасына бекітілген үлгіге сәйкес жарнама ілген кәсіпкерлер туралы мәлімет берілген.
    2025 жылдың 01 шілдесіне мемлекеттік кіріс басқармасының мәліметіне сәйкес Приозерск қаласында сыртқы жарнама нысаны үшін қарыздар жоқ.
    Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жарнама орнату үшін жергілікті бюджетке 684 496,1 теңге түсті (болжам – 684 000 теңге), бұл 100,1 % орындалғанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2025
Дата обновления
05 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы