Лого

Меню

Страницы

Статья

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар есебі

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көрсетілген

 әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар есебі

 

Приозерск қаласында мүгедектігі бар 300 адам тіркелген, оның ішінде:

1 топ - 32;

2 топ - 107;

3 топ - 122;

мүгедектігі бар балалар - 39.

Абилитациялау мен жеке оңалтудың жеке бағдарламасына (ЖАОБ) сәйкес, оңалтудың техникалық көмекші құралдары мен қызметтерін алуға 173 мүгедектігі бар адам өтініш білдіріп, 115 адам толық қамтамасыз етілді, 66,5 % орындалды.

Протездік-ортопедиялық құралдарға 20 адам жүгініп, 16 адам қамтамасыз етілді, 80 % орындалды.   

Сурдотехникалық құралдарға 1 адам жүгініп, 1 адам толық қамтамасыз етілді, 100 % орындалды.

 Тифлотехникалық құралдарға 10 адам жүгініп, 9 адам толық қамтамасыз етілді, 90 % орындалды.

          Арнайы қозғалыс құралдарына 3 адам жүгініп, 3 адам толық қамтамасыз етілді, 100 % орындалды.   

          Гигиеналық құралдарға 62 адам жүгініп, 60 адам қамтамасыз етілді, 96,7 % орындалды.   

          Санаторий-курорттық емделуге 69 адам жүгініп, оның ішінде 18 адам қамтамасыз етілді, 26,1% орындалды.

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметіне 8 адам жүгініп, 8 адам қамтамасыз етілді, 100% орындалды.   

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2025 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша 88 адамнан тұратын 18 отбасыға 5130,0 мың теңге сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алуға өтініштер түскен жоқ.    

Азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға тамақтануға және емделуге көмек көрсетіледі. Аталған көмек түрлеріне жергілікті бюджеттен өмірлік қиын жағдайға тап болған 61 адамға және мереке күндеріне орай, 392 адамға жалпы сомасы 17 749,0 мың теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедектігі бар 5 баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға 229,3 мың теңге  (жыл басынан бастап) төленді.

Абилитациялау мен жеке оңалтудың жеке бағдарламасына (ЖАОБ) сәйкес, оңалту орталықтарына мүгедектігі бар 4 адам жіберілді. Қарқаралы қаласының оңату орталығына 3 мүгедектігі бар адам және Балқаш қаласының оңату орталығына 1 мүгедектігі бар бала жіберілді.

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және бөгде адамдардың күтімі мен көмегіне мұқтаж егде жастағы адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 5 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Үйде қызмет көрсетумен 32 адам қамтылды, оның ішінде 2 мүгедектігі бар адам, 5 мүгедектігі бар бала және 25 зейнеткер.

2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы сомасы 54,7 млн.теңгеге 8 іс-шара мен жоба өткізу жоспарланды, атап айтсақ:

- 9 мамыр – Жеңіс күні;

- 1 маусым – Балаларды қорғау күні;

- 1 қазан – Қарттар күні;

          - 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні;

- Қала әкімінің шыршасы;

- «Экосарбаз» еңбек жасағының қызметтері;

- «Пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды оңалту» әлеуметтік жобасы;

- Инватакси қызметі.

Әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті бюджет есебінен өткізілген мерекелік іс-шаралар:

- 9 мамыр –  Жеңіс күніне орай, 3 тыл еңбеккеріне 500 000 теңгеден жалпы сомасы 1441,0 мың теңгеге қаржылай сертификаттар, гүл шоқтары мен мерекелік азық-түлік себеті табысталды.

- 1 маусым –  Балаларды қорғау күніне орай, концерттік бағдарламамен мерекелік түскі ас ұйымдастырылып, 39 мүгедектігі бар балаға сыйлықтар (төсек жабдықтары мен жұмсақ ойыншықтар) және жеміс-жидек себеттері табысталып, жалпы сомасы 1 480,0 мың теңгеге заттай көмек көрсетілді.

- қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Экозарбаз» жобасы аясында 31 900,0 мың теңге қаржы бөлініп, қаламыздың 14 тұрғыны жұмыспен қамтылды. Жобаның игерілген сомасы 5 037,0 мың теңгені құрайды. 

- Инватакси қызметіне жергілікті бюджеттен 7 500,0 мың теңге бөлінді, қазіргі кезде қызметті 19 мүгедектігі бар адамдар пайдаланады, жалпы игерілген сома 3 105,0 мың теңгені құрайды.

- «Пробация қызметі есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды оңалту» әлеуметтік жобасы бойынша ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап  жергілікті бюджеттен 1000,0 мың теңге бөлінді. Аталған жоба бойынша 3 конкурстық рәсімдер өткізіліп, алайда бүгінгі күнге дейін конкурс өткен жоқ.

Жыл соңына дейін келесідей мерекелік іс-шараларды өткізу жоспарлануда:

- 1 қазан –  Қарттар күніне орай, жалпы сомасы 3000,0 мың теңгеге 100 зейнеткер мен ескі қала тұрғындарына концерттік бағдарламамен мерекелік түскі ас ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табыс етілу жоспарлануда.

- 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдарды қорғау күніне орай,  261 мүгедектігі бар адамға жалпы сомасы 3 200,0 мың теңгеге концерттік бағдарламамен бағалы сыйлықтар табысталып, мерекелік іс-шара өткізілу жоспарлануда.

- Жаңа жыл қарсаңында, қала әкімінің шыршасына  3500,0 мың теңгеге 100 балаға, оның ішінде 39 мүгедектігі бар балаға тәтті сыйлықтар табысталып, жаңа жылдық іс-шара өткізілетін болады.

Сондай-ақ, қала демеушілері мүгедектігі бар адамдарға материалдық және заттай көмек көрсетеді.

Жыл басында «Алғыс айту күніне орай» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 3 мүгедектігі бар адамға жалпы сомасы 45,0 мың теңгеге азық-түлік себеті түрінде заттай көмек көрсетілді.

Жеңіс күніне орай, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұйымдары мен әскери бөлімдері 2 тыл еңбеккерін мерекелік азық-түлік себеттерімен және сыйлықтармен құттықтады.

Сондай-ақ, «Жанетта М» стоматологиясы мүгедектігі бар адамдарға жыл сайын тегін стоматологиялық қызмет көрсетеді.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын  қорғау, тең мүмкіндіктер беру мақсатында, Приозерск қаласында әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, ол екі кезеңнен тұрады: паспорттау және бейімдеу.

2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, 5 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделуге жатады. Олар:  Жеке кәсіпкер Т.Ш. Сапаровтың  «Айсұлу» кафесі, жеке кәсіпкер А.И. Ахматованың «Coffee at Adina’s» кафесі, «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені» ЖШС, қалалық сот, жеке кәсіпкер Н.Ш. Нематовтың «Каспий» кафесі.

Ағымдағы жылдың шілде айынан қазан айына дейін аталған нысандарды бейімдеуді аяқтау жоспарлануда. Барлық нысандар «Интерактивті қол жетімділік картасы» порталына енгізілетін болады.

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
01 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы