
Ақпарат
Приозерск қаласында 09.08.2022 ж. тұрғын үй объектілерінің құрылысы бойынша
Балқаш көшесі (2 үй) бойынша 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жалғасуда. Мердігер ұйым - "Корпорация МСК-Строй"ЖШС. Құрылысы 2020 жылы басталды, 3 кіреберіс 45 пәтерлі үй, оның ішінде 15-бір бөлмелі, 15-екі бөлмелі, 15-үш бөлмелі пәтерлер. Пәтердің жалпы ауданы 2 381 ш.м. сметалық құны – 455,9 млн. тг.
Қазіргі уақытта пәтерлерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Балқаш көшесі (1 үй) бойынша 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Мердігер ұйым - "Констракшн Трейнинг Ресурсес"ЖШС. Үйді пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Құрылыс 2021 жылы басталды, 3 кіреберіс 45 пәтерлі үй, оның ішінде 15-бір бөлмелі, 15 – екі бөлмелі, 15-үш бөлмелі пәтерлер. Пәтердің жалпы ауданы 2 381 ш.м. сметалық құны – 541,9 млн. тг.
Бүгінгі күні шатырды орнату, терезе блоктарын орнату, ішкі сантехникалық, электр монтаждау және әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бөлім басшысы Есенжолов Ж. О.