
«Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
2019 жылы атқарылған жұмыстары және 2020 жылға міндеттері туралы
Мектепке дейінгі білім беру. Мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 1 жастан 6 жасқа дейін 92,7 пайыз, 3 жастан 6 жасқа дейін 100 пайызды құрайды. Балабақшаға қабылдану үшін кезекке тіркелгендер саны -375 бала. Балаларды кезекке тіркеу және жолдама алу автоматтандырылған.
Мектепке дейінгі мекемелер жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қажетті жабдықтармен қамтылды: «Айналайын» және «Балақай» бөбекжайы компьютермен, «Балбөбек» бөбекжайы спорттық инвентарь, ойыншықтар, Еркетай шағын-орталығы ойыншықтармен, барлық мектепке дейінгі ұйымдар робототехникамен және бейнебақылаумен қамтылды.
Балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы қалыптастыру мақсатында жүргізілетін «Сырттай балабақша» жобасы аясында барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қалалық семинарларын өткізді. 2019 жылы «Балбөбек» бөбекжайы «Жас ата-ана» жобасы бойынша қалалық семинар өткізіп, ата – аналармен пікір алмасты. «Айналайын» бөбекжайы психологиялық-логопедтік дәстүрлі емес әдістер туралы ата-аналарға арналған ағарту-жоба және дидактикалық материалдар арқылы презентация көрсетті. Барлық балабақшалар қаланың қоғамдық, мәдени – танымдық өміріне белсене қатысып отырады. Облыстық, республикалық өнер байқауларынан жүлделі орындармен оралып, қала мәртебесін асқақтатты.
Орта білім беру. Жалпы орта білім беретін мектептерде 2019 жылы 1840 бала білім алды, 2020 жылы 1903 бала білім алуда. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау автоматтандырылды.
Ата-аналар bilimal.kz порталы арқылы құжаттарды электронды түрде тапсырды.
2019 жылы орта мектепті барлығы 56 оқушы аяқтады. Өз білімдерін жалғастыру үшін мектеп түлектері техникалық және кәсіптік білім беру орындарында және жоғары оқу орындарына түсті. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында 14 мектеп түлегі, жоғары оқу орнында 38 мектеп түлегі білім алады. Жоғары оқу орнының грант иегерлер саны-9.
Мектептерде бір компьютерге 4,5 оқушыдан келеді. Ауыстыруды қажет ететін компьютерлер саны 15 бірлік 3,6 % құрайды.
Білім бөлімінде есепте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасында қорғаншылықта және қамқоршылықта 11 бала және 5 бала патронаттық тәрбиеленуде. Бүгінгі күнге қамқоршылықтағы балалардың ішінен 4 балаға пәтер берілді, 7 бала кезекте тұр.
Приозерск қаласы әкімдігімен жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 2019 жылы 2 пәтер берілді.
Патронаттық тәрбиеде 5 бала тәрбиеленуде. Үш патронаттық тәрбиешімен келісім шарт жасалған. Патронаттық тәрбиешілер ай сайын жалақы алып отырады, сондай-ақ жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырғандары үшін 2 балаға-9 айлық көрсеткіші және 3 балаға-10 айлық көрсеткіші төленеді. Патронаттық тәрбиедегі барлық 5 бала жеңілдікпен пәтер алу кезегіне тіркелген. Республикалық деректер қорында бұл санаттағы балалар туралы барлық мәліметтер толтырылған.
2019 жылы аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға, жетім балалар және қамқорынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен жалпы оқумен қамту қорына 37 752,0 теңге бөлінді. Жалпы оқумен қамту қоры бойынша 462 бала тамақтандырумен, 310 бала мектеп формасымен, 170 бала жаз мезгілінде мектепішілік және қала сыртындағы лагермен, 306 бала ақшалай көмекпен, 305 бала жаңа жылдық сыйлықтармен қамтылды.
2020 жылы жергілікті бюджеттен жалпы оқумен қамту қорына 56849,0 мың теңге бөлінді.
Жаз мезгілінде 60 мектеп оқушылары қала сыртындағы «Березняки» лагерінде демалып қайтты. Балқаш қаласындағы «Балдаурен» республикалық-сауықтыру лагерінде 50 бала өз демалыстарын өткізді. 2020 жылы қаңтар айында Балқаш қаласындағы «Балдаурен» республикалық-сауықтыру лагерінің шақыртуымен лагерге 25 бала жолданды.
Жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы жүргізіліп отырады. Тамыз айында жаңа оқу жылына дайындық ретінде аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға «Киім және аяқкиім» дүкені 15 балаға әрқайсысы 15 000 теңге тұратын сертификат сыйлап, балаларға рюкзак, спорттық киім, аяқ киім берілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпкерлер мектеп формасына, спорттық киім, аяқ киім, оқу құралдарына мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 55 балаға көмек көрсетті.
2019-2020 оқу жылында мектептерге жаңа оқу мазмұны бойынша 4,9,10-сыныптарға және қосымша 2,5,6,7,8 сыныптарға оқулықтарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен жалпы 35247,0 мың теңге бөлінді.
2020-2021 оқу жылында жаңа оқу мазмұны бойынша 11-сыныпқа және қосымша мектепалды дайындық сыныптарына, 6,7,8,10-сыныптардың оқулықтарына 28340,0 мың теңге бөлінді.
Жалпы орта білім беретін мектептерде барлығы 162 мұғалім жұмыс істейді. 2019 жылы 66 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтті.
2019 жылы №2 орта мектепке қабылданған 1 мұғалімге қызметтік пәтер берілді.
Педагогтардың шығармашылығын, еңбегін бағалау мақсатында ең үздік педагогтар 100 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін «Қала әкімінің сыйақысымен» марапатталды.
2019 жылдың наурыз айында №2 жалпы орта білім беру мектебінде «Менің өлкемнің тарихы» атты өлкетану мұражайы ашылды. Мұражай 3 бөліктен тұрады: «Жылдар жаңғырығы», «Туған жер тарихы», «Туған өлке табиғаты».
Мектептердің материалдық-техникалық базасы. 2019 жылы екі мектепке 30 компьютер, 2 интерактивті панель, суық су есептеуіш сатып алынды. №1 мектепке орындық, шкафтар, электр плитасы, ағаш өңдеу құралы, №2 мектепке бейнебақылау, видеорегистратор, телевизор, парталар сатып алынды.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары. Мектепке дейінгі ұйымдарда келесі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: «Балақай» бөбекжайында жылу жүйесінің жұмысы, күн қағар, цоколь, ойын алаңдарының жұмысы, «Айналайын» бөбекжайында жылу жүйесінің жұмысы және сыртқы өрт сөндіру сатысы, «Балбөбек» бөбекжайының 2 тобында және қабылдау бөлмесінде еденді жылыту жұмысы. №1 мектепте бірінші қабаттың едендері, кіреберіс бөлігі және стадионға жөндеу жұмыстары жүргізілді. №2 мектепте өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін ауыстыру, өрт сөндіру сатысының жұмыстары және жылу жүйесінің трубалары ауыстырылды. «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында шатыр жабыны ауыстырылды, спорт залда, бассейнде терезе жақтауының жөндеу жұмысы жүргізілді, пандустар орнатылды, жылу жүйесі ауыстырылды.
Қосымша білім беру. Қосымша білім беру бойынша «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында қосымша біліммен 52%, 992 бала қамтылған. 22 үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 1021 бала қосымша білім алады, 53,6 %.
«Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына 2019 жылы бассейнге ауа құрғатқыш, акт залына жарықтандырғыш және спорттық құралдар сатып алынды.
2020 жылға қойылған міндеттері: