«Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы
ХАБАРЛАМА
«Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:
- тұрғын үй коммуналдық шаруашылық
- тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы
функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және a.raiimbaeva@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері:
2026 жылғы 13 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін аралығы.