Приозерск қаласында сайлау процесін дайындау және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобы

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында қала әкімінің  № 50 ө өкімімен құрылған  Приозерск қаласында сайлау процесін дайындау және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобы сайлау учаскелерінде (№257, №258, №259, №260) зерттеу жұмыстарын жүргізді.   

Жұмыс тобы құрамында әкім аппараты, жергілікті полиция қызмет, төтенше жағдайлар бөлім басшылары және Приозерск қалалық сайлау комиссия төрағасы болды.

Тексеріс сайлау учсакелерінің техникалық абаттандыру, өрт қауіпсіздігінің  және комиссия мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша   жүргізілді. Сайлау учаскелерінің басшылығана бірқатар ұсыныстар мен қорытындылар тескеріс актісіне толтырылып берілді.

 

Приозерск қаласында сайлау процесін дайындау және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмыс тобы
Дата публикации
27 ноября 2020