Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша
2025 жылғы қызметі туралы есебі
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдары 52 қызмет түрін көрсетеді.
2025 жылы Приозерск қаласында 1 351 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электронды форматта 1 141 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы көлемінің 84% пайызын құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3,4% - ға жоғары. Мемлекеттік корпорация арқылы 165 қызмет көрсетілген, ол 2024 жылдың сәйкес көрсеткішінен 32,9%-қа төмен. Қағаз түрінде 45 қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 қызметке көбейді.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:
- халықты әлеуметтік қорғау саласындағы – «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» (144 қызмет көрсетілген), «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» (112 қызмет көрсетілген), «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (56 қызмет көрсетілген), «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» (53 қызмет көрсетілген);
- кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласында – «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» (6 қызмет көрсетілген);
- жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында – «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» (196 қызмет көрсетілген), «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» (131 қызмет көрсетілген), «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» (64 қызмет көрсетілген);
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау» - (12 қызмет көрсетілген);
- тұрғын үй инспекциясы саласында – «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» (78 қызмет көрсетілген).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Приозерск қаласында мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде ақпараттық стендтер орнатылған, сондай-ақ Приозерск қаласы әкімінің аппараты мен мемлекеттік қызметтер көрсететін бағынысты бөлімдердің мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жыл сайынғы қызметі туралы есебі және өзге де қажетті ақпарат орналастырылған.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет» порталы пайдаланушыларының үлесін ұғайту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 9 жәрмеңке өткізілді. Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін жалпыға қолжетімді орындарда 4 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді, онда 2025 жылы 420 электрондық қызмет көрсетілді.
2025 жылы мемлекеттік қызметтер алу тәртібі туралы қызмет алушылардың хабардарлық деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілді: 420 буклет таратылды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін электрондық форматқа көшіруге бағытталған 36 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Жергілікті басылымда 3 мақала жарияланды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық мемлекеттік органдар пандустармен және «қызметкерді шақыру түймелерімен» жабдықталған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде 2025 жылы 9 бақылау іс-шарасы өткізілді. Ішкі бақылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің 3 бұзушылығы анықталып, 2 маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Приозерск қаласы әкімінің
аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер
көрсетуді бақылау және ақпараттық
технологияларды дамыту
бөлімінің басшысы
Л. Артығалиеваға