ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ АЛҒАШ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ АЛҒАШ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

Әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахымбаева мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, "Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"  ММ маманымен кездесу өткізді.

 Іс-шараның негізгі мақсаты жаңа қызметкерді мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексімен, қызметтік мінез-құлық нормаларымен, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген негізгі талаптармен таныстыру болды.

 Әдеп жөніндегі уәкіл көрсетілетін қызметтердің сапасына және қоғамның сенім деңгейіне тікелей әсер ететін кәсіби және моральдық қағидаттардың маңыздылығын атап өтті.

 Кездесубарысындамемлекеттікқызметтетуындайтынтиптікэтикалықжағдайлардыңмысалдары, олардыреттеутәсілдері келтірілді.

Сондай-ақ, кеңес берудің қолжетімді тетіктері мен азаматтармен жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.

 Іс-шара соңында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшіге кәсіби қызметте табыс тілеп, қызметтік міндеттерін адал, әділ және жауапты атқару қажеттігін еске салды.

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ АЛҒАШ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Дата публикации
02 декабря 2025