Приозерск қаласының 2020 жылдағы қаңтар-қазан айының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің талдауы
Экономиканың нақты секторы
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 4586,7 млн.теңгені және 2019 жылға 76,6 % құрады (5 987,8 млн. теңге). НКИ – 81,9 %.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 194,3 млн.теңгені және 2019 қазанына 118,8 % құрады (163,6 млн. теңге). НКИ – 108,7 %.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 10,6 % артты, сүт өндірісі 14,1 % - ға өсті.
Жұмыртқа өндірісі 1,5 %-ға төмендеді.
Ірі қара мал басы 10,6 % - ға өсті.
Шошқа басы 3,3 % - ға, ешкі басы 24,7 % - ға, қой басы 23,7 % - ға, жылқы басы 1,2 % - ға, құс басы 8,9 % - ға төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2020 жылдың 10 айына - 1 086 млн.теңгені және 2019 жылдың 10 айына 200,3 % (542,2 млн. теңге) құрады. НКИ – 196,6%.
Кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 708 бірлікті құрады немесе 2019 жылдың қазанына 90,2 % құрады (785 бірлік).
Бөлшек тауар айналымы
2020 жылдың қаңтар-қазан айында бөлшек тауар айналымының көлемі 1 677,2 млн.теңгені немесе жоспарға 99,3 % (1 689,5 млн. тенге) және 2019 жылдың қазан айына 100,8 % (1 663,3 млн.тенге) құрады. НКИ – 94,7 %.
Құрылысы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 683,4 млн. теңгені алдынғы жылға 192,9 % құрады (қаңтар-қазан 2019 ж. – 354,22 млн. тенге). НКИ – 245 %.
2 182 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 123,2 % құрады (қаңтар-қазан 2019 ж. – 1 771 ш. м).
Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 322,2 млн.теңгені және жоспарға 105,7 % (304,7 млн. тенге) немесе 2019 жылдың 10 айына 136,3 % (236,4 млн. теңге) құрады.
Әлеуметтік сала
2019 жылдың қаңтар-қазан айында жұмыссыздар саны 422 адамды және 111,6 % -ды құрады (378 адам).
Жұмыспен қамут шараларымен 733 адам немесе 2019 жылдың 10 айына 79,4 % құрады (923 адам).
Қоғамдық жұмыстарға 305 адам қатысты немесе 2019 жылдың қаңтарында 105,5 % құрады (289 адам).
Қысқа мерзімді курстарға (қайта даярлауға) 27 адам жолданды (57 адам).
Кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылғандар саны 600 адамды (124 отбасы) құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіне 92,2 % құрады (651 адам (127 отбасы).
Кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар санының азаюы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр балаға 20 789 теңге мөлшерінде АӘК төлеу тоқтатылды және кедейлік шегінің азаюына байланысты. 2020 жылдың 4-тоқсанында – 23 501 теңге.
Денсаулық сақтау
Туу коэффициенті 9,0 % -ға өсті (1000 адамға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек - 17,66 жағдай, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек - 19,25 жағдай).
Өлім-жітім коэффициенті 31,6 % -ға өсті (1000 адамға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек – 4,11 жағдай, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек – 5,41 жағдай).
Бала өлімінің коэффициенті 73,8 % -ға өсті (1000 тірі туылғанға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-қазан – 4,20 жағдай, 2020 жылғы қаңтар-қазан – 7,30 жағдай).
Білім
2020 жылдың қыркүйек айына мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 672 баланы немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 100 % құрады (қазан 2019 ж. – 672адам).
Балаларды мектепке дейінгі біліммен 623 бала қамтылды немесе 2019 жылдың қазанына 100 % құрады. (қазан 2019 г. – 623 бала).
Мектептерде 1 940 оқушы оқиды немесе алдынғы жылға 101,7 % құрады (қазан 2019 ж. – 1 907 адам).
Мектептерде бір компьютерге 3,6 оқушыдан келеді (қазан 2019 ж. – 4,5).
Қылмыс
Тіркелген қылмыстар саны - 54 жағдай, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 114,9 % - құрады (47 жағдай).
Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 85,7% - ды құрады (75,0 %).