Приозерск қаласында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық сананы қалыптастыру және тегін заңдық көмек көрсету мақсатында Приозерск қаласында «Құқық кабинеті» жұмыс атқарады.
Азаматтар еңбек, отбасылық, тұрғын үй, әкімшілік құқық салаларындағы, сондай-ақ басқа да құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ала алады. Консультацияларды білікті мамандар, соның ішінде заңгерлер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері өткізеді.
Құқық кабинеті мына мекенжайда жұмыс істейді:
Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 7-үй, 1-кабинет.
Жұмыс уақыты: 09:00-13:00 және 14:30-18:30.