ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Т Ұ Р Ғ Ы Н Д А Р Д Ы Ң    Н А З А Р Ы Н А!

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

 

 

                       Құрметті Приозерск  қаласының                                                                                                                                                                 Уважаемые жители

                                        тұрғындары!                                                                                                                                                                  города Приозерск!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.

2025 жылғы 11 желтоқсанда сағат 16.00-де Приозерск қаласы әкімі  М.Т. Ахметовтың тұрғындармен кездесуі өтеді.

              Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.

Қала әкімі жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

               Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.

              Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.

 

                                                                     Қала әкімдігі

 

 

 

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Дата публикации
24 ноября 2025