«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.10.2025 - 30.10.2025
Қабылдау 1 этап: 31.10.2025- 04.11.2025
Қабылдау 2 этап: 06.11.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 07.11.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
12.11.2025
Эссе: 15.11.2025
Сұхбат: 20.11.2025
Анықтама телефоны: 87009777913
E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы, E-R-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын қалалық деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңнамаларын түсіндіреді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің өнер мен мәдениетті, ұлттық әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, фольклорды, қазақ және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының көркем қолөнерін жаңғырту, сақтау, дамыту, дәріптеу жөніндегі қызметін үйлестіреді. Түрлі ведомстволар, қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын мәдени іс-шаралар жоспарларын үйлестіреді, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарларын жасайды, олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Қаланың мәдениет, дене шынықтыру және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді бақылауды жүзеге асырады. Кітапхана қорының сақталуын және дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, кітапхана ісін ұйымдастыру қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және оның дамуының жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайларына сәйкес қалада дене шынықтыру және спорт
жүйесінің жұмыс істеуін және оны әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Ономастика мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысын үйлестіреді. Жобалық басқару бойынша жұмыс жүргізеді, "Easy Project"платформасында жұмыс істейді. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: гуманитарлықғылымдар, мәдени - тынығу жұмысы, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, өнер, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.