«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.09.2025 - 23.09.2025
Қабылдау 1 этап: 24.09.2025- 26.09.2025
Қабылдау 2 этап: 30.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 01.10.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
04.10.2025
Сұхбат: 09.10.2025
Анықтама телефоны: 87009777913
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243451
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемсінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен кешенді жоспарларын әзірлеуге қатысады, бюджеттік өтінімдерді әзірлейді, жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысады. Алдын ала жылу техникалық есептеулерді орындай отырып, жылу энергетикасындағы перспективалы инновациялық бағыттарды, жылу техникасы саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуге қатысады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындалуын және жүзеге асырылуын, сондай-ақ олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін жоспарлайды, келіседі және бақылауды жүзеге асырады. Іс- шараларды жоспарлайды, келіседі және қаланың жылумен жабдықтау объектілерінің қысқы жағдайларда жұмысқа дайындалуына бақылауды жүзеге асырады. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған көрсетілетін қызметті берушілер мен тұтынушылар арасындағы нарықтық өзара қарым- қатынас бағдарламаларын енгізуді әзірлейді. Қалаға инженерлік коммуникациялар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша жедел ақпаратпен қамтамасыз етіуін басшылық етеді. "ОБДҚ" (облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі) бағдарламасын уақтылы және сапалы толтыруға жауапты.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: мемлекеттік және жергілікті басқару, инженерия және инженерлік іс, сәулет және құрылыс
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.