«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.09.2025 - 12.09.2025
Қабылдау 1 этап: 15.09.2025- 17.09.2025
Қабылдау 2 этап: 19.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 20.09.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
24.09.2025
Сұхбат: 30.09.2025
Анықтама телефоны: 87009777913
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді. Қала аумағындағы спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді. Спорттық разрядтар мен санаттарды беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қалалық спорттық - бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады. Қала аумағында спорттық іс-шараларды үйлестіреді, ұйымдастырады және өткізеді. Әр түрлі спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық және басқа да спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мәліметтерді, оның ішінде статистикалық деректерді талдайды және ұсынады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдайды және қарайды. Спорт нысандарының құрылысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік және жергілікті басқару, гуманитарлықғылымдар, тілдер және
әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, өнер, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.