2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпарат

2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпарат

 

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджет мониторингі» модулі аясында бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізуде.

          Бюджет қаражатының білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт салаларында жалақы төлеуге бағытталған мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында жалақы төлемдеріне тәуекел бейіні бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Тәуекел расталған жағдайда, дереу шаралар қабылдау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне ден қою-хаттар жіберіледі.

          2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейінгі кезеңде ОБМ арқылы жалақы төлемдерін мониторингтеу нәтижесінде 2425 төлем қамтылды (2030 – білім беру саласында, 184 – дене шынықтыру және спорт саласында, 150 – денсаулық сақтау саласында, 61 – мәдениет 812 029,8 мың теңге, спорт – 92 874,7 мың теңге, денсаулық сақтау – 39 195,3 мың теңге, мәдениет – 23 803,5 мың теңге), оның ішінде білім беру және мәдениет саласындағы 400 төлем бойынша 19,0 млн.теңгеге тәуекелдер расталды, оның 10,8 млн.теңгесі бюджетке қайтарылды, қалған сома кесте бойынша өтелуде.

2025 жылдың маусым айында жүргізілген мониторинг нәтижесінде келесі тәуекел бейіндері бойынша бұзушылықтар анықталды:

  • «Әлеуметтік салық есебінен белгіленген нормалардан артық аударымдар» тәуекелі бойынша: «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы болмаған кезде әлеуметтік жәрдемақыны негізсіз төлеудің екі фактісі анықталды, жалпы сома 247,4 мың теңге;
  • «Артық қаражат аудару тәуекелі (лауазым бойынша)» бейіні бойынша: «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тіл ресурстық орталығы» КММ-де қызметкердің еңбек демалысы кезеңінде оның жалақысының 104,0 мың теңге сомасына негізсіз аударылуы анықталды.

Аталған бұзушылықтар бойынша мекемелерге жауапты хаттар жолданды. Негізсіз төленген қаражаттар толық көлемде бюджетке қайтарылды.

 

 

2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
23 июля 2025