Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылау туралы ХАТТАМА

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен
жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау
қорытындыларын жария талқылау туралы

ХАТТАМА

Приозерск қаласы                                                              2025 жылғы 10 шілде
Әкім аппараты, акт залы                                                     уақыты: 16:00

Төрағалық етті:

Приозерск қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. – Нұртазаева А.Т.
Приозерск қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы – Аринов А.Т.

Хатшы:
Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Жаймаева Л.Н.

Қатысқандар:
Приозерск қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, мемлекеттік мекеме басшылары, «Сарышаған СуЖылу-2014» ЖШС директоры.

Жалпы қатысушылар саны: 16 адам.

Күн тәртібі:

  1. Приозерск қаласының мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін таныстыру туралы.
  2. Анықталған тәуекелдерді талқылау және оларды азайту шараларын қарастыру туралы.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша қатысушылардың ұсыныстары туралы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерімен таныстыру:

          Баяндамамен ішкі талдау субъектілерінің (әкім аппараты, салалық бөлімдер) өкілдері сөз сөйледі.

          Төмендегі бағыттарда ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

  • Әкімшілік рәсімдер (рұқсат беру, келісімдер);
  • Мемлекеттік сатып алулар;
  • Кадрлық процестер; халық және бизнеспен өзара әрекеттесу.

Талқылау:

          Сөз Приозерск қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Т. Ариновке берілді, бірнеше ұсыныс айтты:

  • Рұқсат беру және келісім рәсімдері бойынша:
  • Әкімдік сайтында мерзімдер мен рәсімдердің жария етілуі;
  • Көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу
  • бойынша (анонимді сауалнамалар).
  • Мемлекеттік сатып алулар бойынша:
  • Ірі сатып алуларды жария тыңдау немесе талқылау арқылы өткізу.

Халық және бизнеспен өзара әрекеттесу бойынша:

          Мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі және тұрақты қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру туралы.

Жалпы шаралар:

          Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын жүргізу;

          Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін жүйелі түрде бақылау.

Талқылау қорытындысы бойынша қабылданды:

          Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту;

          Осы хаттама мен есепті мемлекеттік органның ресми сайтында жариялау;

          Іс-шараларды іске асыруды үйлестіру үшін Приозерск қаласының салалық бөлім басшыларын жауапты ретінде бекіту.

 

 

Приозерск қаласы әкімі аппараты

басшысының м.а.                                                                   Г. Нұртазаева                                                                                        

 

 

Приозерск қалалық қоғамдық

 кеңесінің төрағасы                                                                 А. Аринов

 

 

Хатшы – Приозерск қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық жұмыс

бөлімінің басшысы                                                                Л. Жаймаева

 

 

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылау туралы ХАТТАМА
Дата публикации
22 июля 2025