«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.06.2025 - 01.07.2025
Қабылдау 1 этап: 02.07.2025- 04.07.2025
Қабылдау 2 этап: 09.07.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.07.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 13.07.2025
Сұхбат: 17.07.2025
Анықтама телефоны: 87009777913
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарағанды облысы Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемелекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бөлімнің құзыретіне жататын қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеуге қатысады. Индустриялық- инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жобаларды іздестіру мен ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Көрмелер, конкурстар, жәрмеңкелер өткізуге, қаланың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқа саудасын ұйымдастыруға жауапты. Өнеркәсіп өнімінің көлемін жоспарлауды жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлікті және инновацияны қолдау үшін қалада инфрақұрылым объектілерін құруды және дамытуды үйлестіреді. Кәсіпкерлік, инвестиция және туризм салаларын бақылайды. Жеке кәсіпкерлікке жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау көрсетуді бақылайды. Агроөнеркәсіп кешенін іске асыруға және дамытуға, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысады. Ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелер мен машиналарды тіркеуді ресімдеуді, ауыл шаруашылығы машиналарын, тіркемелер мен машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді, емтихандарды қабылдауды және тракторшы-машинист куәліктерін беруді жүзеге асырады. Құжаттардың сәйкестігін бақылайды. Жыл сайынғы техникалық тексерулер негізінде. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидия алу үшін жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдайды және ақпарат дайындайды. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта мемлекеттік органның мүддесін білдіреді, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, оларды әділет органдарында
тіркейді, мемлекеттік сатып алуларға қатысады. Сектор жұмысын басқарады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, халықаралық құқық, агрономия, құқықтану, маркетинг, әлемдік экономика, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.