«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.06.2025 - 01.07.2025

Қабылдау 1 этап: 02.07.2025- 04.07.2025

Қабылдау 2 этап: 09.07.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.07.2025

Мәтіндік    және    сандық    ақпаратпен    жұмыс   істеу                          қабілетін            бағалау: 13.07.2025

Сұхбат: 17.07.2025

Анықтама телефоны: 87009777913

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243451

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің      жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

" Қарағанды облысы Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуге байланысты жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды және төлеуді жүзеге асырады. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру бойынша жұмыс жүргізеді. Тұрғын үй көмегін төлеуді тағайындайды және жүзеге асырады. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау құжаттарын тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін табыс туралы құжаттарды берудің дұрыстығына қарсы тексерулер жүргізеді. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және дайындайды. Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз етеді. "Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік жұмыс, бизнес және басқару

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
24 июня 2025