|
Приозерск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «_____» _______ №______қаулысымен бекітілген
|
«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аз қамтылған, ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар мен басқа да санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
1) құқықтары:
мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;
ақпараттық деректердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие.
2) міндеттері:
қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысады;
Приозерск қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын, оның ішінде бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін тұрақты бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.
1) Приозерск қаласында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және қаланың жергілікті атқарушы органына хабарлау;
2) қаланың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
4) ұлттық жобалар, қаланың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы қаланың жұмыс орындарын құруды қолдау;
6) қаланың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
9) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметі;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;
21) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
22) мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді;
24) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
25) қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмысын жүргізу;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
6) шарттар жасасады;
7) банк шоттарын ашады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауаптылықта болады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату