Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат

 

Негізгі капиталға инвестициялар:

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2025 жылғы қаңтар-наурыз айында 338,6 млн теңгені құрады (2024 жылы –2 835,1 млн теңге). НКИ - 11,4 %.

 

Өнеркәсіп

2025 жылғы қаңтар-наурыз 10 490,8 айында млн теңгені құрады (2024 жылы – 4 834,6 млн теңге).НКИ – 195,7 %.

 

Сауда

2025 жылғы қаңтар-наурыз айында бөлшек сауда көлемі 862,5 млн теңгені, НКИ – 101,1 % ( 2024 ж. – 785,9 млн. теңге) құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

      Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін шығару көлемі 39,3 млн. теңге (2024 жылғы қаңтар-наурыз – 37,1 млн.теңге). НКИ – 99,0 %.

 

Туризм

Туризм саласында 2024 жылдың 4 тоқсаны бойынша 1 835 адамға  қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда ( 1505 адам) 21,9 % - ға өсті . Көрсетілген қызметтер көлемі 45,3% - ға өсті, 131,0 млн.теңге  (2023 жыл - 90,1 млн. тг.) құрады.

 

Әлеуметтік азық түліктік және азық түліктік емес тауарларға  бағалары туралы ақпарат

 

 2025 жылдың наурыз айындағы статистиқалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 10 түріне бағаның 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда орташа алғанда 1,8 %-дан 62,6 %-ға қымбаттауы байқалды.

 

№

Тауардың аты

желтоқсан 2024 жыл

наурыз 2025 жыл

желтоқсан 2024 ж.               наурыз 2025 ж. салыстырғанда %

1

Картоп

246

400

162,6 %

2

Басты пияз

193

240

124,3 %

3

Қырыққабат

216

293

151,8 %

4

Сиыр еті

3098

3200

103,2 %

5

1 сортты бидай ұны

292

334

114,4 %

6

Макарон

495

504

101,8 %

7

Пастерленген сүт 2,5 % майлылығы

567

710

125,2 %

8

Сәбіз

234

263

112,3 %

9

Қант

453

483

106,6 %

10

Күнбағыс майы

899

924

102,7 %

 

          Анықтама

          (Бір бөлке нанның бағасы 170-180 тг, көтерілу болған жоқ, бір бөлке нанның салмағы 500-510 гр).

        

         Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының        1 түріне бағаның 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,5% - ға төмендеуі байқалды.

 

№

Тауардың аты

желтоқсан 2024 жыл

наурыз 2025 жыл

желтоқсан 2024 ж. наурыз 2025 ж. салыстырғанда %

1

Жұмыртқа,

1 дәрежелі

656

614

93,5 %

Азық-түлік бағасын тежеу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілуде:   

Апта сайын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында кәсіпкерлерге азық-түлік тауарларының негізсіз бағасына жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Cонымен қатар, 2024 жылы мониторинг барысында қаламыздың 7 дүкенінен бағаның негізсіз өсуі байқалып, Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хат жолданды. Нәтижесінде 6 дүкенге әкімшілік хаттама толтырылды.

 Қала аумағында орналасқан дүкендермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесі туралы 30 меморандум жасалынды.

   2025 жылға тасымалдау шығындарын және қалада сатылған өнімнің түпкілікті бағасын төмендету мақсатында жеке кәсіпкер «Айбол»  тасымалдауға  келісім шарт жасалды.

  Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан наурыз айында ӘКК «Сарыарқа»  арқылы            7 тонна «Картоп», 36 000 дана жұмыртқа және 700 л «күнбағыс май», 1 тонна қант жеткізілді.

   Сонымен қатар, 2025 жылдың 15 наурыздан бастап әр сенбі сайын ауыл шаруашылғы жәрмеңкесі(5 жәрмеңке) ұйымдастырылуда.

 

 

Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
17 апреля 2025