«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.04.2025 - 17.04.2025

Қабылдау 1 этап: 18.04.2025- 22.04.2025

Қабылдау 2 этап: 24.04.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.04.2025

 Мәтіндік  және    сандық   ақпаратпен    жұмыс                   істеу    қабілетін бағалау:

30.04.2025

Сұхбат: 05.05.2025

Анықтама телефоны: 87103954274

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық      жалақы     нақты                                     қызметкердің             жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру жұмысы және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Облыс, қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылайды және талдайды. Облыс, қала әкімінің халықпен кездесуі барысында келіп түскен іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Әкім, әкім аппаратының басшысы өткізетін жұмыс кеңестерінің хаттамаларын ресімдейді. Қала әкімінің жұмыс жоспарын әзірлейді және дайындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарының, қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды дайындайды. Облыстық селекторлық кеңестерді, қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімінің қатысуымен кеңейтілген кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты, жалпы қалалық іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу. Бақылау құжаттарының орындалуына талдау жүргізеді. Қорғауға жататын баспа – бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады. Әкім аппаратының іс жүргізуінде мемлекеттік және орыс тілдерінің тиісінше қолданылуын қамтамасыз етеді, құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын тексереді. Аппарат істерінің номенклатурасын жасауды бақылайды және мемлекеттік мұрағат мекемесімен келіседі. Мұрағатқа беру үшін істерді қалыптастыру мен дайындаудың дұрыстығын, істер тізімдемесін жасауды тексереді.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық, бизнес және басқару, журналистика және ақпарат

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
10 апреля 2025