Құрметті қала тұрғындары және қонақтар сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың негізіне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, татулығымыз бен ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Алғыс айту күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді халқымыз әрқашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық. Осыған орай халқымыздың арасында көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілейміз!
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы