2024 жылға Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
2024 жылы әкім аппаратымен және ведомстволық бағынысты бөлімдермен 1 486 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электрондық қызметтердің пайызы 80,6℅ құрайды.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 14 түсіндіру іс-шарасы (222 қамту), 4 "көрсетілетін қызметті алушылар күні" іс-шарасы (31 қамту) және 8 мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі (176 қамту) өткізілді.
Ішкі бақылау бойынша 10 іс-шара өткізілді, оның қорытындысы бойынша актілер жасалды. Ай сайын көрсетілетін қызметті берушілер арасында түсіндіру семинарлары өткізіледі, есепті кезеңде 10 семинар өткізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
"Приозерск қаласы әкімінің аппараты" ММ
мемлекеттік қызмет Көрсетуді бақылау
және Ақпараттық технологияларды
дамыту бөлімі