Сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 2-3) тармағына, 101 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 3-1) тармағына және 6 тармағына сәйкес және Приозерск қалалық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 29 қаңтардағы «Қарағанды облысы Приозерск қаласы мәслихатының № 11 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы» № 1қаулысы негізінде 2025 жылғы 30 наурызға № 11 бірмандаттық сайлау округі бойынша Приозерск қалалық мәслихатының шығып қалғанның орнына депутат сайлау тағайындалды.
Кандидаттарды ұсыну 29 қаңтардан басталып 2025 жылғы 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу 29 қаңтардан басталып 2025 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы