Қызметі

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу мен қараудың сапасы мен уақтылығын, сондай-ақ "Қарағанды облысының геопорталы" және "Е-лицензиялау"ақпараттық жүйелері арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді уақтылы тіркеуді бақылау. "ХҚКО ИАЖ" ақпараттық жүйесіне азаматтарды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру және Приозерск қаласының азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік. ҚР Президенті, ҚР Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын бақылауды қамтамасыз ету;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қағаз жеткізгіште, оның ішінде почта байланысы арқылы, сондай-ақ бөлімге қолма-қол және Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық-цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық форматта қабылдау және тіркеу, Мәселелердің сипатын айқындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жауапты қарау және ұсыну үшін жіберу не қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілетін проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру, қылмыстық- Қазақстан Республикасының іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасыме

Облыс әкімі мен қала әкімінің есептік кездесулері барысында келіп түскен өтініштердің қаралуын бақылау; Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, облыс, қала әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты актілері мен тапсырмаларын, орындаушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша жергілікті атқарушы органдардың есептік алқалы іс-шараларына қатысу.

Деятельность
Дата публикации
23 января 2025