Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп
2024 жылы барлығы 1 486 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
|
№ |
Іс-шаралардың атауы |
Саны |
|
1 |
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-барлығы, оның ішінде: |
1 486 |
|
2 |
көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткендердің барлығы |
13 |
|
3 |
көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "Электронды үкімет" веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған, барлығы |
30 |
|
4 |
Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілгендер |
246 |
|
5 |
электронды түрде көрсетілгендер, барлығы, оның ішінде: |
1 197 |
|
6 |
Электронды түрде "Электронды үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілгендер |
813 |
|
7 |
Электронды түрде "Е-лицензиялау" арқылы көрсетілгендер |
133 |
|
8 |
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде көрсетілгендер |
171 |
|
9 |
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде көрсетілгендер |
80 |
Электрондық қызметтердің пайызы 80,6% құрайды.
2024 жылы қызмет алушылар арасында 14 мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары (222 адам қамтылды), 4 «Қызмет алушылар» күні (31 адам қамтылды) және 8 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері (176 адам қамтылды) өткізілді.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімімен 2024 жылы Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша 10 ішкі бақылау шаралары жүргізілді. Жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері бойынша 93 бұзушылықтар анықталды, 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ай сайын түсіндіру семинарлар өткізіледі, есепті кезеңде 10 семинар өткізілді.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету процессіне қатысатын 3 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Ағымдағы жылы бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық бақылау жүргізу тобының мүшелерімен 4 мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу бойынша мониторинг жүргізілді. Жүргізілген мониторинг барысында кемшіліктер анықталмады.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.