«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.12.2024 - 09.12.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.12.2024

Мәтіндік    және    сандық    ақпаратпен    жұмыс    істеу                          қабілетін            бағалау: 13.12.2024

Сұхбат: 19.12.2024

Анықтама телефоны: 87103954274

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің                                    жұмыс       өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Қала аумағында жер қатынастарын, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Қаланың бас жоспарын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді. Қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын, қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын әзірлейді және қалалық мәслихатқа келісуге енгізеді. Қала тұрғындарын жоспарланған құрылыс немесе өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы хабардар етеді. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынады. Қала құрылысы жобаларын, қала мен қала маңы аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау және салу жобаларын бекітеді және іске асырады. Объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізеді. Тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және олардың нормативтік мазмұнына бақылау жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта бөлімнің мүдделерін білдіреді.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық, сәулет және құрылыс

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
02 декабря 2024