"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.12.2024 - 09.12.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 10.12.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 13.12.2024
Сұхбат: 19.12.2024
Анықтама телефоны: 87103954274
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Приозерск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру жұмысы және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Облыс, қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылайды және талдайды. Облыс, қала әкімінің халықпен кездесуі барысында келіп түскен іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Әкім, әкім аппаратының басшысы өткізетін жұмыс кеңестерінің хаттамаларын ресімдейді. Қала әкімінің жұмыс жоспарын әзірлейді және дайындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарының, қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды дайындайды. Облыстық селекторлық кеңестерді, қала әкімдігінің отырыстарын, қала әкімінің қатысуымен кеңейтілген кеңестерді дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты, жалпы қалалық іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу. Бақылау құжаттарының орындалуына талдау жүргізеді. Қорғауға жататын баспа – бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды есепке алуды, пайдалануды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады. Әкім аппаратының іс жүргізуінде мемлекеттік және орыс тілдерінің тиісінше қолданылуын қамтамасыз етеді, құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын тексереді. Аппарат істерінің номенклатурасын жасауды бақылайды және мемлекеттік мұрағат мекемесімен келіседі. Мұрағатқа беру үшін істерді қалыптастыру мен дайындаудың дұрыстығын, істер тізімдемесін жасауды тексереді.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық, бизнес және басқару, журналистика және ақпарат
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.