«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.11.2024 - 18.11.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.11.2024

Мәтіндік    және    сандық    ақпаратпен    жұмыс    істеу                          қабілетін            бағалау: 22.11.2024

Сұхбат: 27.11.2024

Анықтама телефоны: 87103954574

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің                                    жұмыс       өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Приозерск   қаласының   ішкі   саясат   бөлімі"   ММ   бас                              маманы,       E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Қалада болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденцияларын зерттейді, жинақтайды және талдайды. Өңір халқының қоғамдық пікіріне мониторинг жүргізеді, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтайды. Қаланың сыртқы безендірілуін идеологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастырады, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Жастар саясаты бойынша қалалық бағдарламаның іс-шараларын әзірлейді және ұйымдастырады. Қала әкімі жанындағы жастар Совета жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияны, қаланың аналар кеңесін жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізеді. Сотта мемлекеттік мекеменің мүдделерін қорғайды. Сотта мемлекеттік мекеменің мүдделерін қорғайды. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және оларды әділет органдарында тіркейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару, гуманитарлықғылымдар,

 

гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
11 ноября 2024