Қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі Уәкілі семинар өткізді
2024 жылғы 24 қазан күні әдеп жөніндегі уәкіл, қала әкімі аппаратының басшысы А. Рахимбаева жергілікті атқарушы органдардының мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізді. 25 қазан Қазахстан Республиксы күні қарсаңында мереке және демалыс күндері заңнама талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Әдеп нормаларын қатаң сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қызметтік автокөліктерді қызмет бабында пайдалану туралы айтып өтті. Және де әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қызметтік этика нормаларын сақтауға шақырды.
