Приозерск қаласының аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы
хабарлама
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес, Приозерск қаласының аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Орналасқан жері: Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5 үй, «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ғимараты, телефон 8(71039) 53288, электрондық пошта prio_tik@krg.gov.kz
Төраға – Сәрсембеков Бекзат Мұқсиынұлы;
Төраға орынбасары - Медетбекова Алма Аманқызы;
Хатшы – Махатов Жазылбек Косанбайұлы;
Комиссия мүшелері: Мақышева Шұға Бексеитқызы; Жұмахан Шұғыла Талғатбекқызы; Таушанбаев Мақсат Тәжімұратұлы; Убисов Талғат Тұрмаханұлы.
Приозерск қаласының аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты:
жұмыс күндері сағат 09.00-18.00 дейін,
үзіліс сағат 13.00-14.00 дейін
Приозерск қаласының аумақтық референдум комиссиясы