Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.09.2024 - 12.09.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2024
Сұхбат: 23.09.2024
Анықтама телефоны: 87103954574
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді. Қала аумағындағы спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді. Спорттық разрядтар мен санаттарды беру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қалалық спорттық - бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады. Қала аумағында спорттық іс-шараларды үйлестіреді, ұйымдастырады және өткізеді. Әр түрлі спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық және басқа да спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қала аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мәліметтерді, оның ішінде статистикалық деректерді талдайды және ұсынады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдайды және қарайды. Спорт нысандарының құрылысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: гуманитарлықғылымдар, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, өнер, тілдер және әдебиет
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.