«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.09.2024 - 12.09.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2024
Сұхбат: 23.09.2024
Анықтама телефоны: 87103954574
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бөлімнің құзыретіне жататын қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеуге қатысады. Индустриялық- инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жобаларды іздестіру мен ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Көрмелер, конкурстар, жәрмеңкелер өткізуге, қаланың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқа саудасын ұйымдастыруға жауапты. Өнеркәсіп өнімінің көлемін жоспарлауды жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлікті және инновацияны қолдау үшін қалада инфрақұрылым объектілерін құруды және дамытуды үйлестіреді. Кәсіпкерлік, инвестиция және туризм салаларын бақылайды. Жеке кәсіпкерлікке жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау көрсетуді бақылайды. Агроөнеркәсіп кешенін іске асыруға және дамытуға, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысады. Ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелер мен машиналарды тіркеуді ресімдеуді, ауыл шаруашылығы машиналарын, тіркемелер мен машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді, емтихандарды қабылдауды және тракторшы-машинист куәліктерін беруді жүзеге асырады. Құжаттардың сәйкестігін бақылайды. Жыл сайынғы техникалық тексерулер негізінде. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидия алу үшін жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдайды және ақпарат дайындайды. Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты. Сектор жұмысын басқарады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім: агрономия, бизнес және басқару, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.