Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2024 жылғы қаңтар-маусым  7 530,0 млн теңгені құрады (2023 жылы – 2 130,4 млн теңге).НКИ – 336,9 %.

 

     Өнеркәсіп

     2024 жылғы қаңтар-маусым өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 11 539,5 млн. теңгені құрады НКИ - 510,4% (2023 ж. – 833,3 млн. теңге).

 

      Сауда

      2024 жылғы қаңтар-маусым бөлшек сауда көлемі 1 464,0 млн теңгені, НКИ – 125,2 % ( 2023 ж. – 1 094,5 млн. теңге) құрады.

 

      Ауыл шаруашылығы

      2024 жылғы қаңтар-маусым ауыл шаруашылығының жалпы өнімін шығару көлемі 91,6 млн. теңге (2023 жылғы қаңтар-маусым – 143,2 млн.теңге). НКИ – 99,4 %.

 

Туризм

Туризм саласында 2024 жылдың қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша  255 адамға  қызмет көрсетілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда (442 адам) 42,4 % - ға төмендеді . Көрсетілген қызметтер көлемі 40,3 % - ға төмендеді , 16,8 млн.теңге  (2023 жыл – 28,1 млн. тг.) құрады.

 

       Жұмыс орындарын құру

Ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы сомасы 115 млн. теңгеге 3 инвестициялық жоба ашу жоспарлануда.

  1. "Жансерік" дүкенін ашу, ЖК (Маргуд Мерует) "Жансерік", инвестиция сомасы 20,0 млн.теңге (жұмыс орындар саны - 1).
  2. Кофейня «Кофе у Адины», ЖК Ахматова инвестиция сомасы 35 млн. теңге, (жұмыс орындар саны - 3).
  3. Қонақ үй ашу, ЖК Нематов, инвестиция сомасы 60 млн. тг, (жұмыс орындар саны - 4).

Қазіргі уақытта аталған жобалардың «Жансерік» дүкені және «Кофе у Адины» кофейнясы ашылды.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бойынша

2024 жылғы маусым айында статистиқалық мәліметтерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 3 түріне бағаның 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда орташа алғанда 10,6 %-дан 48,0%-ға қымбаттауы байқалды.

 

№

Тауардың аты

желтоқсан 2023 жыл

маусым

2024 жыл

желтоқсан 2023 ж. маусым 2024 ж. салыстырғанда

 %

1

Картоп

173

256

148,0%

2

Сәбіз

173

225

130,1 %

3

Қант

434

480

110,6 %

          2024 жылы ӘМАТ бағасының өсуі көтерме жеткізушілерден бағаның өсуіне және маусымдылыққа байланысты.

  Бұл ретте 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11 түріне бағаның 40,0 %-дан    2,7 %-ға төмендеуі байқалды.

 

№

Тауардың аты

желтоқсан 2023 жыл

маусым

2024 жыл

желтоқсан 2023 ж. маусым 2024 ж. салыстырғанда

 %

1

Қарақұмық жармасы

359

267

74,4 %

2

Басты пияз

165

131

79,4 %

3

Сиыр еті

2800

2724

97,3 %

4

1 сортты бидай ұны

353

270

76,5 %

5

Пастерленген сүт 2,5 % майлылығы

613

572

93,3%

6

Күріш жылтыратылған

637

562

85,6 %

7

Тауық

1464

1353

88,2 %

8

Жұмыртқа, 1 дәрежелі

626

538

86,0 %

9

Күнбағыс майы

757

702

92,7 %

10

Тұз

105

91

86,7 %

11

Қырыққабат

195

117

60,0 %

          2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түріне баға өзгеріссіз қалды.  

№

Тауардың аты

желтоқсан 2023 жыл

маусым

2024 жыл

желтоқсан 2023 ж. маусым  2024 ж. салыстырғанда

 %

1

1 сортты ұннан жасалған бидай наны

325

325

100,0 %

2

Сүзбе майлығы 5-9 %

2024

2024

100,0 %

3

Макарон өнімдері

381

381

100,0 %

4

Тұздалмаған сары май

3846

3846

100,0 %

          Азық-түлік бағасын тежеу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілуде:    

   Апта сайын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында кәсіпкерлерге азық-түлік тауарларының негізсіз бағасына жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

   2024 жылға тасымалдау шығындарын және қалада сатылған өнімнің түпкілікті бағасын төмендету мақсатында жеке кәсіпкер Утегуловпен  тасымалдауға  келісім шарт жасалды.

            1 сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан 10,0 тонна 1 – сұрыпты ұн «Қарағанды мелькомбинат» ЖШС арқылы бөлінді. Нан пісіру жұмыстарын                     ЖК Сарбасова жүргізеді. Нан 120 теңгеден алынады, сауда нүктелерінде 130 теңгеден сатылады.

            Бағаны тұрақтандыру жұмыстары жалғастырылуда және 2024 жылдың 16 наурызынан бастап әр сенбі сайын жәрмеңкелер                     (20 жәрмеңке) өткізілуде.

 

Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
29 июля 2024