Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары
туралы ақпарат
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 193 адамнан тұратын 43 отбасыға 8 503,5 мың теңге сомасында тағайындалып, төленді.
Тұрғын үй көмегі жалпы сомасы 10,0 мың теңгеге 2 адамнан тұратын 1 отбасыға тағайындалып, төленді.
Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 6 ата-анаға 214,1 мың теңге төленді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша өмірлік қиын жағдайға түсуіне байланысты тамақтану мен емделуге көмек көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген көмек түрлеріне 2024 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті бюджет қаражатынан өмірлік қиын жағдайға тап болған 59 адамға және мереке күндеріне орай, 414 адамға жалпы сомасы 17 523,3 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
- әлеуметтік маңызы бар аурулары бар (онкология, құрт ауруы және АИТВ) 50 адамға жалпы сомасы 5 538,0 мың теңгеге;
- 1, 2, 3 топ мүгедектігі бар 6 адамға, жалпы сомасы 332,280 теңге;
- Көп балалы 1 отбасыға 55,380 мың теңге;
- Пробация есебінде тұрған 2 адамға 147,680 мың теңге;
- Атаулы күндер мен мереке күндеріне 414 адамға жалпы соммасы 11 450,0 мың теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және бөгде адамдардың күтімі мен көмегіне мұқтаж егде жастағы адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Үйде қызмет көрсетумен 29 адам қамтылды, оның ішінде 2 мүгедектігі бар адам, 5 мүгедектігі бар бала, 22 зейнеткер.
Приозерск қаласында мүгедектігі бар 288 адам тіркелген, оның ішінде:
1 топ-33;
2 топ-92;
3 топ - 127;
мүгедектігі бар балалар - 36.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында мүгедектігі бар мұқтаж адамдардың ИПАР негізінде оңалтудың техникалық көмекші құралдарына қажеттілігі:
- протездік-ортопедиялық құралдарға мұқтаж - 22 адам, 12 адам қамтамасыз етілді, яғни 54,55 % (10 адам жеткізушіден ОТҚ күтуде).
- сурдотехникалық құралдарға мұқтаж - 1 адам, 1 адам қамтамасыз етілді, яғни 100%.
- тифлотехникалық құралдарға өтініштер түскен жоқ.
- арнайы жүріп - тұру құралдарына мұқтаж - 4 адам, 2 адам қамтамасыз етілді, яғни 50 % (2 адам жеткізушіден мүгедектер арбасын күтуде).
- гигиеналық құралдарға мұқтаж - 41 адам, 41 адам қамтамасыз етілді,
яғни 100 %.
- санаторий-курорттық емделуге мұқтаж - 52 адам, қамтамасыз етілген
21 адам, яғни 40,38 % (Мүгедектігі бар 31 адам санаторий-курорттық емдеуді пайдалануға ниет білдірді: шілде айында - 7 адам, тамыз айында - 12 адам, қыркүйек айында - 9 адам, қазан айында - 3).
- жеке көмекшінің қызметіне мұқтаж - 9 адам, оның ішінде 9 адам қамтамасыз етілген, яғни 100 %.
ИПАР сәйкес, Қарқаралы және Балқаш қаласының оңалту орталықтарына мүгедектігі бар 3 адам оңалтуға жіберілді.
2 мүгедектігі бар адам Қарқаралы қаласында оңалтудан өтті.
1 мүгедектігі бар бала Балқаш қаласында оңалтудан өтті.
Инватакси қызметіне жергілікті бюджет қаражатынан 6 500,0 мың теңге бөлінді, инватакси қызметін 16 адам пайдаланады, игерілген сома 889,8 мың теңгені құрайды.
1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 11 адам.
Мүгедектігі бар - 5 бала.
2023 жылы инватакси қызметтерін алушылар санатының тізімі кеңейтілді:
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдар;
2) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын балалар;
3) ақыл-ой кемістігі бар балалар.
Бұрын жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының немесе арнайы қозғалыс құралының (кресло-арба) қызметіне жеке оңалту бағдарламасы (ОЖБ) бар адамдар санаты болатын.
Ағымдағы жылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарға, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарды санаторий-курорттық емделуге жіберу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Ағымдағы жылдың басынан бастап «Ақсу демі» санаторийінде санаторлық-курорттық емделуді пайдалануға ниет білдірген 6 жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері жіберілді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, басқа азаматтармен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Приозерск қаласында екі кезеңнен тұратын әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: паспорттау және бейімдеу.
2012 жылдан бастап 2024 жылға дейін 52 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік бойынша паспорттандырылды. Бүгінгі күні паспортталған 52 нысанның 40-ы немесе 76,9 пайызы бейімдеуден өтті.
2021 ж.- 12;
2022 ж. - 18;
2023 ж. – 8;
2024 ж. – 2.
Барлық нысандарға арналған деректер интерактивті қол жетімділік картасы порталына енгізіледі.
| 2023 жылы 8 нысан бейімделді, яғни 100%-ды құрады (2023 жыл жоспар бойынша: 8 нысан), олар: 1. «Приозерск қаласының көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 2. «Ақ бұлақ-2» моншасы; 3. «Оазис» кафесі; 4. «ВОСТОК» кафесі;5. «RAIA» дүкені;6. Нептун дүкені;7. «Жансерік» дүкені;8. «Анастасия» дүкені. |
2024 жылғы жоспар – 12 нысан.
|
Нысан атауы |
Бейімдеу мерзімі |
|
Дәріхана «24 часа» (Приозерск қ.) |
қыркүйек |
|
«Казахтелеком» филиалы Приозерск қ. |
қыркүйек |
|
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
қазан |
|
«Алибаева» ЖК қонақ үйі |
қазан |
|
Казпошта |
қараша |
|
«Сымбат» жиһаз салоны (Приозерск қ.) |
қараша |
|
«Family» сауда үйі (Приозерск қ.) |
қараша |
|
«Winston» кафесі (Приозерск қ.) |
қараша |
| «Жедел құтқару жасағы» (Приозерск қ.) |
қараша |
|
Қалалық сот (Приозерск қ.) |
қараша |
|
«Granit» қонақ үйі |
қараша |
|
Приозерск қаласынының ішкі істер бөлімі |
қараша |
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту үшін 93 адам жүгінді.
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат ретінде куәлік алуға 4 адам жүгінді.
Симипалатин ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 2 азаматқа 2 куәлік берілді.
2 адамға бас тартылды.
Қала демеушілері мүгедектігі бар адамдарға материалдық және заттай көмек көрсетеді.
Балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне «Shagala mining» ЖШС жалпы сомасы 432,0 мың теңгеге мүгедектігі бар 36 балаға жұмсақ ойыншық түрінде заттай көмек көрсетті.
Демеушілік қаражат есебінен «Балаларға бақыт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында, жалпы сомасы 540,0 мың теңгеге 36 мүгедек балаға тәтті сыйлықтар түрінде заттай көмек көрсетілді.
«Құрбан айт» мерекесіне мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 ата-анаға және 45 аз қамтылған отбасы мен мүгедектігі бар адамдарға ет беру түрінде заттай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, «Жанетта М» стоматологиясы тегін стоматологиялық қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жоспарға сәйкес, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияының 2 кезекті отырыс өткізілді. Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлері арасындағы әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне жол бермеу бойынша қауіпін алдын алу мақсатында, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия өзіне жүктелген функцияларды орындап, қала бойынша жағдайды жүйелі түрде бақылауда ұстайды.