«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20.06.2024 - 26.06.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.06.2024- 29.06.2024 Мәтіндік    және    сандық    ақпаратпен    жұмыс    істеу                  қабілетін            бағалау:

03.07.2024- 05.07.2024

Эссе: 11.07.2024

Сұхбат: 17.07.2024

Анықтама телефоны: 87103954274

E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380392

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің                                    жұмыс       өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы, E-R-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын қалалық деңгейде іске асыруды қамтамасыз етеді. Тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлейді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі заңнамаларын түсіндіреді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, бірлестіктердің өнер мен мәдениетті, ұлттық әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, фольклорды, қазақ және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының көркем қолөнерін жаңғырту, сақтау, дамыту, дәріптеу жөніндегі қызметін үйлестіреді. Түрлі ведомстволар, қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын мәдени іс-шаралар жоспарларын үйлестіреді, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарларын жасайды, олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Қаланың мәдениет, дене шынықтыру және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді бақылауды жүзеге асырады. Кітапхана қорының сақталуын және дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, кітапхана ісін ұйымдастыру қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және оның дамуының жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайларына сәйкес қалада дене шынықтыру және спорт жүйесінің жұмыс істеуін және оны әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Ономастика мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысын үйлестіреді.

 

Жобалық басқару бойынша жұмыс жүргізеді, "Easy Project"платформасында жұмыс істейді. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: гуманитарлықғылымдар, мәдени - тынығу жұмысы, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, өнер, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  • республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
19 июня 2024