"Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.06.2024 - 17.06.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 18.06.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 21.06.2024
Сұхбат: 26.06.2024
Анықтама телефоны: 87103954274
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Қалада болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденцияларын зерттейді, жинақтайды және талдайды. Өңір халқының қоғамдық пікіріне мониторинг жүргізеді, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтайды. Қаланың сыртқы безендірілуін идеологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастырады, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Жастар саясаты бойынша қалалық бағдарламаның іс-шараларын әзірлейді және ұйымдастырады. Қала әкімі жанындағы жастар Совета жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияны, қаланың аналар кеңесін жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізеді.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: гуманитарлықғылымдар, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады