«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру "Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.05.2024 - 24.05.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 25.05.2024 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 29.05.2024 Сұхбат: 03.06.2024 Анықтама телефоны: 87103954274 E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: "Приозерск қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы, E-3 (Лауазым мәртебесі: Бос) Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылықты жүзеге асырады. Әкімнің, әкім аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын және құқықтық мүдделердің қорғалуын қамтамасыз етеді. ҚР заңнамасын насихаттауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізеді. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", "Қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес" бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аумақтық кеңестің және кәсіби емес медиаторлардың қызметіне бақылауды қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша комиссиялардың, мемлекеттік органдардың нашақорлықпен күресуге және нашақорлықпен күресуге бағытталған қызметті үйлестіру бойынша ведомствоаралық штабтын хатшысы. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-ағартушылық қызметке жәрдемдеседі. Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мүдделі бөлімдермен өзара іс-қимыл жасайды. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.Дата публикации
17 мая 2024