Салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыс тобының отырысы
Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Приозерск қаласының салық салу базасын кеңейту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыста бюджеттің кіріс бөлігінің өсуін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және салық салу базасының резервтерін анықтау, оны кеңейту мүмкіндіктері қаралды. Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелерімен салықтар мен басқа да салықтық міндеттемелер бойынша берешегі бар жеке кәсіпкерлер арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттің қуатты болуында салықтың шешуші рөл атқаратыны белгілі. Қай елде салықтың түрлерін жинау ұтымды, ұтқыр ұйымдастырылса, сол елдің қазынасы толып, әлеуметтік мәселелерді шешуге қауқарлы болады. Салық есептілігін ашық әрі жариялы жүргізу мәдениетін қалыптастыру және қаланың кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында аталған жұмыс тобының отырысы тұрақты түрде өтетін болады.